Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындары

Еліміздегі алдыңғы қатарлы Жоғары оқу орындары.

Сурет : Tourism Connectivity30 Шілде 2018, 10:16

Талапкерлердің назарына еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының тізімін ұсынамыз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайтын, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады. 1934 жылы негізі қаланған университетте қазіргі таңда 7 ғылыми-зерттеу институты, 1 ғылыми-технологиялық парк, 5 институт, 30 әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы ғылыми орталық, 14 факультет, 62 кафедра және 7 департамент жұмыс істеуде.

Е.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті - 1996 жылы құрылған бұл ұлттық университет Қазақстан Республикасының ең жас білім ордасы болып табылады. Оқу ордасында мамандарды даярлау сапасы ең жоғары стандарттарға сәйкес келеді, оның дәлелі ретінде университеттің халықаралық және республикалық рейтингтерге, мамандықтар бойынша халықаралық аккредиттеуге қатысуын ерекше атап өтуге болады.

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Институты - Қазақстан Республикасындағы құрылуы мен дамуы жағынан ең үлкен тарихы бар Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – еліміздегі алдыңғы қатарлы Жоғары оқу орны болып саналады. Қазіргі кезде Университет құрамына 8 салалық институт, қашықтықтан білім беру институты жəне əскери-істер институты, Excellence PolyTech жоғарғы оқу орнынан кейнгі білім институты кіреді.. И. Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық зерттеу университетінде білім беру қызметін 7 салалық институт, халықаралық оқу орнынан кейінгі жоғарғы білім беру “Excellence PolyTech” институты, қашықтықтан білім беру институты жүргізеді.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (ОҚМУ) – білім, гуманитарлық ғылым, құқық, өнер, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету және ветеринария бағыттары бойынша мамандықтар дайындайтын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін Қазақстан Республикасындағы ірі және көп салалы жоғары оқу орны болып табылады.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті - университеттің мақсаты заманауи сапа стандарттарын, үздіксіз білім берудің көпдеңгейлі үлгісін, ғылыми зерттеулерді іске асыру, ғылыми, педагогикалық, кәсіби-тәжірибелік қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімі, инновациялық тәсілдері, зерттеушілік іскерлігі бар жаңа формациядағы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау арқылы көпсалалы классикалық білім саласындағы аймақтық көшбасшылықты сақтап қалу болып табылады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - Қазақстандағы жетекші және ірі университет, сондай-ақ, отандық педагогикалық ғылым мен мәдениеттің орталығы. Білім берудің жоғары сапасы, Республикамыздағы үздік 10 университеттің ішіндегі мақтауға тұрарлық орны. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың дипломы жоғары мәдениеттің, білімділіктің және күрделі кәсіби міндеттерді білікті шешуге қабілеттіліктің кепілі ғана емес, сонымен қатар, білімді еркін меңгеруді, оны тәжірибе қолдануға қабілеттілікті, қызметтің жаңа саласына тез бейімделуді қамтамасыз етеді.

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті - Агроөнеркәсіп кешеніне және әлемдік ғылым-білім кеңістігіне қажетті мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар әлеуметтік бағдарланған, жоғары мәдениетті және толерантты тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету. Қазақ ұлттық аграрлық университеті – инновациялық бағыттағы элиталық жоғары оқу орны, Қазақстан мен Орта және Орталық Азиядағы аграрлық секторының көшбасшысы.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті - С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да Қазақстанның белгілі ғалым-педагогтары, ҚР Ұлттық Ұлттық ғылым академиясының, Ресей медициналық ғылымдар академиясының, ҚР Профилактикалық медицина академиясының, Халықаралық акадамиялардың академиктері, еңбек сіңірген ғылым және білім қайраткерлері, еңбегі сіңген дәрігерлер мен фармацевтер қызмет етеді.

Алматы Технологиялық Университеті - 1996 ж. ҚР Білім Министірінің қаулысымен Алматы Технологиялық Институты болып қайта құрылды. Институттың 5 факультет, 23 кафедрасында 23 ғылым докторы дәріс береді. Күндізгі және сырттай оқытатын бөлімдерде 4 мың студент оқиды. Институттың 3 оқу ғимараты, жатақханалары, кітапхана, шағын-диірмен, наубайхана, тігін цехы, ауданы 25 га қосалқы шаруашылығы бар. Негізі қаланғалы бері 15 мыңға жуық инженер-технолог, инженер-экономист, инженер-механик бітіріп шықты. Инситуттың ғылыми-зерттеу жұмыстары азық-түлік өндірісі мен жеңіл өнеркәсіп технологиясы, биотехнология, хим. технология, өнеркәсіп экол., ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеу, машина мен аппараттар жасау салаларының мәселелерін шешуге арналған.

Қ.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті - 1992 жылы 1 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия Республикасы Премьер министрі С.Демирель кездесуінде Түркістан университетіне “халықаралық университет” мәртебесі берілді. Білім ордасы Қазақстан мен Түркия Республикалары тарапынан құрылған 10 мүшеден тұратын Үкіметаралық Өкілетті Кеңес арқылы басқарылады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер