Жаңалықтар тізбегі
0

Денис Теннің америкалық бапкері мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2018 20:48 Sputniknews.kz
Кэрролл жаттықтырған үш спортшы - Линда Фратианн, Мишель Кван мен Эван Лайсачек – әлем чемпионадары атанған.

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпиондарын жаттықтырған әйгілі америкалық бапкер Фрэнк Кэрролл зейнетке шығады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

International Figure Skating Magazine сайтының мәліметіне сүйенсек, Кэрролл мәнерлеп сырғанаушыларды 60 жыл бойы жаттықтырған екен. 3 тамыз бапкердің соңғы ресми жұмыс күні болмақ.

"Мені қаншалықты бағалайтынын айтып әрқайсы жылады", — дейді Кэрролл.

АҚШ азаматы бапкерлік мансабын 20 жасында колледжің соңғы курсында оқып жүргенде бастаған. Кэрролл жаттықтырған үш спортшы — Линда Фратианн, Мишель Кван мен Эван Лайсачек – әлем чемпионадары атанды.

Бапкердің әзірге жоспары жоқ, бірақ АҚШ жастары арасында мәнерлеп сырғанау спортын дамыту бағдарламасы бойынша жұмысын жалғастырғысы келеді.

"Сонда белсенді өмір салтын жоғалтпаймын. Саяхаттағым да келер еді, бірақ онымен күнде айналыса алмайсың ғой. Қазір жасым 80-де, мәнерлеп сырғанаушылар үшін жауапты болғым келмейді. Қанша рет ұшақпен ұшқанымды білсеңіз ғой. Осы жылдар бойы бейнеттеніп жинаған ақшамның зейнетін көрсем деймін", — деп ойымен бөлісті Кэрролл.

Бапкердің шәкірттері арасында – танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен де болған. 25 жастағы спортшы шілде айының соңында Алматыда автоұрылар қолынан қаза тапты. Спорт жұлдызының қазасын бүкіл Қазақстан жұртшылығы зор күйзеліспен қабылдады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: