Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Орбадасы ауданының әкімі параны қалай алды

Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі үстінен жеке меншік компанияның басшысы шағым түсірген.

Сурет : www.inform.kz8 Тамыз 2018, 17:06

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Рашид Қайыпжановтың ісін сотқа жолдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі үстінен жеке меншік компанияның басшысы шағым түсірген.

Ол сәуір айында 2,2 млн теңгенің тендерін ұтып алды. Сөйтіп, аудандағы көркейту жұмыстарын атқаруға кіріскен.

Сол кезде әкім оған тағы 2,1 млн теңгенің абаттандыру жұмыстарын ұсынды. Кәсіпкер келісті.

«Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Ордабасы ауданының әкімі бюджет қаражатын ұйымның есепшотына аудармай қойды. Ол үшін 200 мың теңгені талап етті. Бүгінде әкім өз кінәсін толығымен мойындады. Осыған байланысты барлық материалдар жеңілдетілген тергеу әдісі бойынша қаралды. Күдіктінің қоғамға қаупі жоқ екені ескерілді. Сол себепті оны қамауға алған жоқ. Іс он күннің ішінде аяқталып, сотқа жолданды», - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер