Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Моңғолиядан заңсыз әкелінген көліктер иелеріне қайтарылды

Тексеріс кезінде уақытша сақтау қоймасына 32 автокөлік жіберілді.

Сурет : aqmeshit-zhastary.kz9 Тамыз 2018, 14:07

Бас көлік прокуратурасы Мемлекеттік кірістер және Ішкі істер органдарының елге Ресей-Моңғолия шекарасы арқылы жеткізілген көліктерді ұстап, уақытша сақтау қоймаларына жіберу ісінің заңға сәйкес орындалуын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған автокөліктер 2014-2015 жылдары Қазақстан шекарасына жеткізіліп, Ресейдің кеден органдарында жеке қолдану үшін деп тіркелген. Белгіленген мерзім аяқталған соң көліктер кеден аумағынан кетпегендіктен, ресейлік тарап көліктердің нақты тұрған жерін анықтау үшін Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитетіне хабарласқан. Белгілі болғандай, автокөліктер Ішкі істер органдарында жалған кеден декларациясымен тіркеліп, бірнеше рет сатылып үлгерген. Осындай 805 көлік тіркелді», делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер және әкімшілік полиция комитеттері көліктердің қазіргі иелерінен кеден бажын алу үшін оларды ұстай бастаған. Тексеріс кезінде уақытша сақтау қоймасына 32 автокөлік жіберілді.

Бұдан бөлек, үстіміздегі жылдың 19 шілде күні Бас прокуратура Ішкі істер органдарында көлік құралдарын тіркеу кезінде Қылмыстық кодекстің 361-бабы 2-бөлігінесәйкес қызметтік лауазымды асыра пайдалану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын тіркеді. Сотқа дейінгі тергеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органына тапсырылды.

Бұған дейін Қазақстан жолдарында кеден заңнамасының нормаларын бұзу арқылы Моңғолия аумағынан жеткізілген автокөліктердің аз еместігі айтылған еді. Заң бұзушылар Ішкі істер органдарына тіркелу үшін жалған құжаттарды пайдаланған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер