Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жабық туберкулезді емдеудің тиімді тәсілі табылды

Бүгінгі таңда әлем халқының төрттен бірі туберкулез жұқтырған.

Сурет : Baq.kz9 Тамыз 2018, 15:54

Туберкулезге қарсы қолдануға болатын жаңа ем жаһандық эпидемиямен күресуге септігін тигізе алады, деп жазады Baq.kz.

Бүгінгі таңда әлем халқының төрттен бірі туберкулез жұқтырған. Ал 2016 жылы әлем бойынша 10,4 миллмон адам туберкулездің жабық түрімен ауырса, бұл аурудан 1,7 миллион адам қаза тапқан.

Ғалымдардың айтуынша, жаңадан табылған ем түрі туберкулездің жабық түрін қауіпсіз әрі аз уақытта емдеуге көмектесе алады, сондай-ақ жаһандық эпидемияның артуын бәсеңдететін болады.

Ғалымдар балалар мен ересектерге зерттеу жүргізіп, бұрынғыға қарағанда кері әсері аз препарат ойлап тапты. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде туберкулездің жабық түрін емдеуге қолданылатын дәріге қарағанда бұл тиімді әрі емдеу уақыты бұрынғыдай тоғыз ай емес, төрт айға дейін қысқарған.

Канададағы Макгилл университетінің Денсаулық орталығы алғаш рет жүргізген зерттеу бүкіл әлемдегі жағдайға негізделіп отыр. Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда әлем халқының төрттен бірінде туберкулездің жабық түрі кездеседі. Бірақ бүгінгі таңда препараттарды тым ұзақ уақыт пайдалану емделушілердің бауырына кері әсерін тигізеді.

Латентті туберкулезді жұқтырған адамдар өздері ауырмаса да, инфекцияны басқаларға жұқтыра алады. Жалпы, туберкулез эпидемиясымен күресуде айтарлықтай прогресс байқалмайды. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сенсек, 2016 жылы 10,4 миллион туберкулез жұқтырғандар тіркеліп, бұл аурудан 1,7 миллион адам қайтыс болған.

Солтүстік Америкада латентті туберкулезді емдеу тоғыз ай бойы изониазида атты препарат курсына негізделген. Ал Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы мамандары шығынды азайту үшін алты айлық ем курсын ұсынады. Ал Ричард Мензис атты профессор, зерттеу авторының айтуынша,препаратты төрт ай, алты ай немесе тоғыз ай қолдансаң да, оның бауырға кері әсері көп.

«Профилактика ретінде дені сау адамдар осы дәрілерді ішуге мәжбүр. Бірақ бұл өз кезегінде олардың бауырын зақымдайды. Емделушілерге де, дәрігерлерге де бұл процесс ұнамайды деп ойлаймын», - дейді ол.

Ғалымдар жүргізген зерттеу барысында туберкулездің жабық түрімен ауыратын ересектер мен балаларға рифампин деп аталатын антибиотик салынған. Медициналық журналдардың бірінде жарияланған мақалада рифампинді төрт ай қолдану изониазидті тоғыз ай қолданғанмен бірдей әсер еткен.

«Бұл зерттеу арқылы біз изониазидтің мүлдем қажет емес екенін дәлелдеп отырмыз. Менің ойымша, профилактикада қауіпсіздік бірінші орында болуы керек», - дейді Мензис.

Ересектерге арналған зерттеуге изониазидті тоғыз ай қабылдаған 3400 адам қатысқан. Сонымен қатар тура осынша адам төрт ай бойы рифампицинмен емделген. Ал балалар зерттеуіне әрқайсысына төрт жүз адамнан қатыстырылған.

«Қауіпсіз альтернатива барда изониазидтен бас тартқанымыз жөн», - дейді Мензис.

Оның айтуынша, Квебекте туберкулезге қарсы ем қабылдау барысында көптеген емделушілердің кем дегенде жылына біреуі бауыр ауыстыру операциясына жүгінген. Ал дамыған мемлекеттер көбіне туберкулездің жабық түрімен емес, ашық түрімен белсенді күрес жүргізеді.

Мензис АҚШ пен Канадада туберкулезді емдеудің басшылық принциптерін бекітуге қатысқан. Ол енді бұл зерттеулерді Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы ескереді деп үміттеніп отыр. Сондай-ақ, ғалымның айтуынша, зерттеу нәтижелеріне Жапония мен Австралия қызығушылық танытыпты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер