Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Колледж гранттарын тарату саласында күдік туғызатын «сxемалар» бар

Оны оқу орындарының басшылығы да, жергілікті билік те өзгерткісі келмейді.

Сурет : www.inform.kz9 Тамыз 2018, 17:30

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі колледж гранттарын ашық таратуды ұсынып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаевтың айтуынша, бүгінде осы салада жылдар бойы қалыптасқан "сxемалар" бар.

Оны оқу орындарының басшылығы да, жергілікті билік те өзгерткісі келмейді.

«Негізі, колледж гранттарын тарату бойынша сұрақтар көп. Неге бір мамандыққа грант аз беріледі де, сұранысы төмен мамандықтарға, керісінше, көп бөлінеді? Мысалы, байланысшы, радист сияқты мамандықтарға біраз гранттар беріледі. Ал қонақ үй бизнесі бойынша тым аз. Сосын колледждер тесттерді өздері дайындайды, өздері өткізеді, үміткерлермен де өздері жеке кездеседі. Сөйтіп, гранттарды да өз бетінше таратады. Былайша айтқанда, грант колледжге түсті ме, болды. Оны қалай және кімге беріп жатыр? Ол жағын ешкім білмейді», - деді Д.Сабырбаев.

Оның айтуынша, агенттік мамандары осы жұмысқа араласамыз деген кезде колледж басшылығы, тіпті жергілікті органдары қарсылық білдіреді.

«Иә, ол «сxемалар» жылдар бойы қалыптасты. Адамдар оған әбден үйреніп алды. Сол себепті барлық жұмысты ашық көрсеткісі келмейді», - деп атап көрсетті Д.Сабырбаев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер