Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтөбеде кәуап пісірмек болған жүкті әйел күйіктен көз жұмды

Кеңқияқ ауылы тұрғындарының айтуынша, кәуап пісірмек болған отағасы от тұтатып, жанбаған соң 5 литр «баклажкада» тұрған жанар-жағармайды отқа құйып жібереді.

Сурет : www.inform.kz10 Тамыз 2018, 12:08

Ақтөбенің Кеңқияқ ауылында қайғылы жағдай тіркелді. Отқа керосин құйып, кәуап пісірмек болған отбасында жүкті әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңқияқ ауылы тұрғындарының айтуынша, кәуап пісірмек болған отағасы от тұтатып, жанбаған соң 5 литр «баклажкада» тұрған жанар-жағармайды отқа құйып жібереді.

Сол кезде от лап етіп, жанып жатқан «баклажкадағы» бензин жүкті әйелдің үстіне төгіледі.

Ерлі-зайыптылар күйік шалып, ауруханаға түсті. Дәрігерлер жүкті әйелге ота жасағанымен, ана мен баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Ал денесінің тең жартысын күйік шалған ауыл тұрғыны қазір ем қабылдап жатыр.

«Күйік шалған ер адам ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы бірқалыпты, орташа. Науқас жалпы палатаға ауыстырылды»,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Алмагүл Сержанова.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер