Жаңалықтар тізбегі
0

Депозитке ақша жинаушылардың саны артты

mail.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2018 20:53 mail.kz
Валюталық депозиттердің үлесі 42,4%-ды құрады.

Депозиттер көлемінің өсуі жылдың басынан бері алғаш рет оң аймаққа өтті – жарты жылдағы өсу 1,9%-ды құрады. Мұндай өсу жылдың басынан бері 8,2%-ға (751,5 млрд. теңге) өскен ұлттық валютадағы депозиттердің өсуіне ықпал етті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетел валютасындағы депозиттер 7,4%-ға қайта бағалауды есептемегенде 4,9%-ға қысқарды. Валюта құрылымындағы мұндай өзгерістер долларланудың жалпы деңгейінің маусымның қорытындысы бойынша 44,5%-ға дейін төмендеуіне әкелді.

Субъектілер бойынша жылдың басынан бері 3,2%-ға (263,8 млрд. теңге) өсіп жатқан халықтың салымдары өсу драйверлері болды. Халық депозиттерінің валюталық құрылымы валюталық салымдардың теңгемен салымдарға ауысуын ғана емес, теңгемен жаңадан ашылған депозиттердің ұлғаюын көрсетіп отыр. Мәселен, халықтың теңгемен депозиттерінің ағыны халықтың валюталық депозиттерінің нақты әкетілуінен асып кетеді, ал бірінші жартыжылдықта халықтан тартылған теңгемен ашылған депозиттер валютамен ашылғандардан 2 есе көп. Жеке тұлғалар депозиттерінің долларлануы маусымда 2014 жылғы ақпаннан бергі ең төмен 46,8%-дық мәнге жетті.

Жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі депозиттердің жалпы көлемінің 47%-н құрай отырып, 8 384,8 млрд. теңге болатын тарихи ең жоғары мәнге жетті. Бұл халықтың банк жүйесіне деген сенімінің артқанын білдіреді. Бүгінгі күні депозиттер халық үшін кірістілігі жоғары, қаражаттың сақталуын қамтамасыз ететін тартымды құрал болып табылады.

Заңды тұлғалардың депозиттері де жылдың басынан бері 0,8%-ға ұлғая отырып, өсудің оң аймағын көрсетті (3-график). Бұл үрдіс шетел валютасындағы депозиттердің 2,5%-ға қысқаруы аясында ұлттық валютадағы депозиттердің 3,4%-ға өсуімен байланысты. Нәтижесінде валюталық депозиттердің үлесі 42,4%-ды құрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: