Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Ұлттық банкі «Сәлем» сақтандыру компаниясының лицензиясын тоқтатты

ernur.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2018 21:14 ernur.kz
«Сәлем» СК» АҚ- ның Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.

ҚР Ұлттық Банкі «Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ-на сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 156 қаулысымен 2018 жылғы 10 тамызынан бастап 2019 жылғы 10 ақпанына дейін қоса алғанда сақтандырудың міндетті нысанындағы сақтандыру қызметі; қайта сақтандыру қызметі бойынша «Сәлем» СК» АҚ лицензияның қолданылуы тоқтатылды.

Аталған шешім «Сәлем» СК» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтердің талаптарын сақтамағаны үшін ҚР Ұлттық Банкімен қабылданды.

«Сәлем» СК» АҚ- ның Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін оларды өзгертуді қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға, сондай-ақ сақтандырудың (қайта сақтандырудың) міндетті нысандағы түрлері және қайта сақтандыру қызметі бойынша сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруға тыйым салынады.

Бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша «Сәлем» СК» АҚ өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: