Жаңалықтар тізбегі
0

Головкин "Канело" туралы: «Әрекеті ер азаматқа жараспайды»

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2018 20:30 Baq.kz
Боксшылардың қарымта кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында (АҚШ, Невада штаты) өтеді.

WBA (Super), IBO, WBC версиялары бойынша орта салмақта чемпион қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін матч-реванш қарсаңында пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz.

Боксшылардың қарымта кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында (АҚШ, Невада штаты) өтеді. Айта кетейік, осыдан тура бір жыл бұрын боксшылар осы жерде кімнің жеңімпаз екенін шеше алмаған. Бүгінде Головкин реванштың қалай аяқталатынына болжам жасап, «Конелоның» проблемасын атап көрсетті.

«Мен Альварес туралы мүлдем ойламаймын – керек болса оның командасы ойлансын, бірнәрсе өзгертсін. Мен ол туралы ойлап бас қатырмаймын. Бәрін сіздер 15 қыркүйекте көресіздер. Бүгінде түрлі әңгімелер көп, бірақ оның барлығы кездесуді айналдыруға бағытталған. Егер Альварестің командасын тындасақ онда мен тіпті боксшыда емеспін, олай болса "Канело" неге жеңбеді? Менде мәселе жоқ. Маған бар болғаны кездесуді жеңу керек, болды. Төрешілер туралы да ештеме айта алмаймын, мен әділ қазы емеспін ғой. Менің түсінігімде өз жұмысымды істеу керекпін», - деді Головкин.

Сонымен қатар, боксшы Альварестің допинг дауына қатысты өз пікірін білдірді.

«Оған (Альваресу) допингке қатысты жағдайдан кейін үзін күту керек. Алайда оның тарапынан бұл жай сылтау екенін қарапайым адамдар көріп отыр. Ол әдепсіздік танытуда. Ол ер азаматша әрекет етпеді, оған тыйым салынсада ол допинг қолданды. Оны біз тапқан жоқпыз, оны комиссия анықтады және де олар оны жоққа шығара алмайды. Рас, олар бұл тұрғысында біздің командаға бар кінәні артуда, алайда олардың өздері біледі айып кімде екенін, бұл жай ғана ақталу», - деп толықтырды Головкин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: