Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

«Тойота» автосалонын 300 млн теңгеге «сазға» отырғызған күдікті ұсталды

күдікті жаңа автокөліктерді сату желеуімен азаматтардан 150 млн теңгеден астам ақша алған.

Сурет : ҚазАқпарат25 Тамыз 2018, 14:08

Алматы қаласындағы «Тойота орталығы» автосалонының 300 млн теңгеге жуық қаражатын ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қалалық криминалдық полиция қызметкерлері Түркістан облысына қарасты Сарыағаш қаласында «Алматы тойота орталығы» автосалонының бұрынғы қызметкерін аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін ұстады. Ұсталған күдікті жаңа автокөліктерді сату желеуімен азаматтардан 150 млн теңгеден астам ақша алған. Сонымен қатар ол клиенттердің жаңа көлік сатып алу үшін төлеген шамамен 140 млн теңге сомасындағы қаржыларын иеленіп кеткен», - деді Алмас Садубаев.

Сонымен қатар ресми өкілдің айтуынша, Ақтөбе облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері өңірдің жергілікті 2 тұрғынын ұстаған. Олар Қандыағаш қаласынан 160 шақырым жердегі кен орнында тұрған контейнерлерден құны 200 млн теңгеден асатын бұрғылау қондырғыларын ұрлаған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер