Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында мақта терімі басталды

Пресс-служба акима Туркестанской области, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2018 00:51 Пресс-служба акима Туркестанской области
Жалпы ағымдағы жылы ауданда 48220 гектарға мақта дәні себілген.

Түркістан облысы Жетісай ауданында мақта терімі басталды. Қазіргі таңда ауданда ақ алтынды қолмен теру жұмыстары Ж.Ералиев, Ш.Ділдабеков, Мақталы, Қарақай ауыл округтеріндегі шаруа қожалықтары бастап жіберді. Бұл туралы zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы ағымдағы жылы ауданда 48220 гектарға мақта дәні себілген. Аудан шаруалары өткен жылы орташа есеппен мақтаның әр гектарынан 25 центнерден өнім жинаса, биыл да осы көрсеткіштен төмен болмайды деп болжам жасап отыр. Енді бірер күнде мақта алқаптарына комбайндар жұмысқа кіріспек. Әзірдің өзінде ауданда 70-ке жуық «ДжонДир» мақта теретін комбайндардың техникалық дайындықтары пысықталуда. Оның 65-і 4 жүйекті. Яғни, әрбір комбайн бір мезетте 4 жүйектегі ақ алтынды жинауға қауқарлы.

Айта кетерлігі, шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін жанар-жағармай талондары таратылып берілуде. Сондай-ақ, алқаптарда мақтаны химиялық әдіспен қурату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, аудан көлемінде ақ алтын жинауға арналған қабылдау бекеттері іске қосылуда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2018 00:51

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: