Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада газ қосып беремін деген жұмысшы халықтан жинаған ақшаны қалтасына басқан

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2018 17:57 Сурет: zakon.kz
Тұрғындар газ таратушы мекемемен келісім шартқа отырмай, жеке бір компаниямен уағдаласқан көрінеді.

Көгілдір отынға енді ғана қолдары жеткен қызылордалықтар аяқ асты газсыз қалды. Табиғи отынға жауапты мекеме мамандары көпқабатты үйлердің құбырларын еш ескертусіз қиып кеткен. Себебі бұл пәтер иелері газға заңсыз қосылған дейді. Алайда тұрғындар бұл уәжбен келіспейді. Себебі табиғи газды қосқан компания құжаттарын көрсетіп, қыруар қаржы жинап алыпты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Осылайша Қызылорданың Жібек жолы көшесіндегі 3 бірдей көпқабатты үй тұрғындары газсыз отыр. Пәтер иелері осыдан екі ай бұрын монтаждаумен айналысатын бір мекеме өкілдері келіп, газ тартамыз дегенде төбеміз көкке жеткендей болып еді, дейді. Әрбір отбасы құбырды пәтерге кіргізу үшін 65 мың теңгеден төлепті. Алайда, қауаныштары көпке созылмаған.

«Ешқандай ескерту жасаған жоқ. Мен далаға шығып, нан алайын деп бара жатсам құбырды қиып жатыр екен. Бір баладан газды не үшін қиып жатқанын сұрадым. «Бізге сондай бұйрық келді. Біз жұмысшымыз», – деді ол. Сөйтіп қиып кетті», – дейді тұрғын Ырысбике Күлпейісова.

Жауапты мекемедегі мамандардың айтуынша, тұрғындар газ таратушы мекемемен келісім шартқа отырмай, жеке бір компаниямен уағдаласқан көрінеді. Салдары осындайға әкеп соғыпты.

«Ешқандай құжаттары жоқ. Енді бізбен ешқандай келісімге келмеген. Сол себепті қазіргі таңда 15 үйдің 10-ы газдан ажыратылды. Бес үй әлі де тексерілу үстінде», – дейді газ тартумен айналысатын мекеменің өңірдегі бөлім басшысы Әділжан Назаров.

Ал газ құбырларын жүргізген жеке меншік мердігер компания болса, барлығына бір жұмысшы жауапты екенін айтады. Сол адам «тұрғындарға газ қосып беремін» деп ақша жинағанымен, басшылыққа ескертпей, қаржыны қалтасына басқан.

«Актімен танысып, сосын бірден айттым. Қызметкерге шара қолданылады. Айыппұл салынады. Айыппұл төленген соң, қайтадан құжаттар жасалынып береді. Оны біздің мекеме кінәлі қызметкер есебінен шешеді», – дейді жеке серіктестік директоры Бақберген Накипов.

Бір жұмысшының кесірінен осылайша көпқабатты үй тұрғындары газсыз қалған көрінеді. Алайда жұртшылық мұнын барлығын бір жұмысшы жасағанына сенбейді. Сондықтан жауаптыларды жазаға тартып, көгілдір отынның тез арада қосылуын талап етуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: