Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан, Түрікменстан мен Өзбекстан шекараларының түйісу нүктесі айқындалады

a.d-cd.net, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2018 18:57 a.d-cd.net
Шарт мемлекеттік шекаралық делимитациялау процесін аяқтауға, түйісу нүктесінде аудандық, аумақтық даулардың туындауын алдын ала жоюға, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Бұл шартқа Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен үш елдің сыртқы саяси ведомстволар деңгейінде 2017 жылғы 10 қарашада Самарқанд қаласында қол қойды", - деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді.

Оның айтуынша, шарттың басты мақсаты Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан шекараларының түйісу нүктесін айқындау болып табылады.

"Осы үш мемлекеттің шекараларының түйісу нүктесі Үстіртте орналасқан. Шекаралардың түйісу нүктесі орналасқан жері және шекара сызығының өтуі шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Түйісу нүктесінің орналасқан жері және түйісу нүктесінің ауданында шекара сызығының өтуі сипаттамасында, түйісу нүктесі ауданының картасында көрсетілген», - деді Тілеуберді.

Сондай-ақ, бұған дейін шекаралық түйісу нүктесі бойынша 1999 жылғы 5 мамырда Қазақстан-Қытай-Ресей арасында, 1999 жылғы 29 тамызда Қазақстан-Қытай-Қырғызстан арасында, сондай-ақ 2001 жылғы 15 маусымда Қазақстан-Қырғызстан-Өзбекстан арасында халықаралық шарттар жасалған. Осылайша осы шарт Қазақстанның мемлекеттік шекарасын делимитизациялауды толығымен аяқтайтын соңғы құжат болмақ.

«ҚР Халықаралық шарттары туралы 2015 жылғы 30 мамырдағы заңына сәйкес ол ратификациялауға жатады. Шарт мерзімсіз болып табылады. Шартты ратификациялау және оның күшіне енуі Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан мемлекеттік шекаралық делимитациялау процесін аяқтауға, түйісу нүктесінде аудандық, аумақтық даулардың туындауын алдын ала жоюға, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді», - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, ол түйісу нүктесінің координаттық жүйесін үш мемлекет бірге қабылдайтынын атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: