Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанда лезде ақша аударатын қызмет түрі пайда болды, комиссиясы – 1 теңге

Қызмет тәулік бойы қолжетімді.

Сурет : altaynews.kz12 Қыркүйек 2018, 14:49

Елімізде жаңа жүйе іске қосылмақ. Бұл жүйе бойынша ұлттық валютадағы ақшаны банк клиенттері арасында телефон нөмірі арқылы лезде аударуға болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш қызмет түрі әзірше пилоттық режимде жұмыс істейді. Бұл жүйенің ыңғайлылығы – кез келген уақытта аудару мүмкіндігі. Қызмет тәулік бойы қолжетімді.

Ол үшін банктің интернет-банкинг жүйесінде немесе арнайы қосымшада ақша аударылатын адамның ұялы телефон нөмірі мен оның қолданатын банкін көрсетіп, ақшаның сомасын енгізу қажет. Аударылған қаражат бірден түседі екен.

Сонымен қатар, бұл жүйеде ақша төлеу мен аударудың басқа да түрлі құралдары бар: банк есепшотын, төлем картасы және электронды ақшаны қолдану арқылы. Бір транзакцияда 500 мың теңгеге дейін аударуға болады. Ал қызмет түрінің тарифі транзакция сомасына қарамастан бір аударылым үшін 1 теңгені құрайды.

Жүйеге Банк ЦентрКредит және Altyn Bank алғашқы болып қосылып отыр. Қазір өзге де банктер қосылу кезеңіндегі жұмыстарды атқаруда.

Алғашында тек жеке тұлғалар арасында ғана ақша аударуға болады, кейін жүйеге заңды тұлғаларға арналған төлемдер, QR-кодтарды қолдану мүмкіндігі және басқа да төлемдердің түрлері қолжетімді болмақ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер