Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қарағандыда тестілеуден 97 балл алған түлек грантқа іліге алмады

Білім министрлігіндегілер комиссия шешімі солай дегеннен әрі аспады.

Сурет : ktk.kz13 Қыркүйек 2018, 09:28

Қарағандыда мектеп түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуден 97 балл жинаса да, таңдаған мамандығына грант ала алмай қалған. Ал өзінен төмен балл алған 10 бала мемлекеттік грант иелері болып шыға келіпті, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Білім министрлігіндегілер комиссия шешімі солай дегеннен әрі аспады. Төмен балл жинаған түлектерге грантты қандай заңға сүйене отырып бергендерін де сол бойы түсіндіре алған жоқ.

Назым Рымқанова Ұлттық бірыңғай тестілеудің алдында осы төрт қабырғаға қамалып отырған. Кітапқа көз майын тамызып, білімін шыңдай түскен сайын ертеңге деген сенімі артып еді.

Менен төмен балл алғандар түсіпті мен тапсырған мамандыққа. Соны көрген кезде қатты мұңайып, өкініші болды ше, жаныма қатты батты. өзімнің болашағымды ойласам, түспей қалсам енді ата-анамның да жағдайы жоқ мені ақылы оқытуға, - дейді Назым Рымқанова.

Назымда ауылдық квота да бар, тізімдегі 15 баланың онынан балы жоғары. Ал, ақитатын айтады деген Астанадағы жоғарғы білім беру департаменті телефоннан қысқа қайырған.

Телефонмен Әділет Жүнісұлымен сөйлестім. Ол кісі айтты 15 бала іліккен тұлдыр жетім деді. Ешкімі жоқ жеңілдікпен өткен балалар деді, - деп ағынан жарылды Назымның анасы Гүлмарал Рымқанова.

Алайда Назым төмен балмен грант алған 3 баланың толық жанұядан екенін анық біледі. Шұғыл тексеріс жүргізген минстрліктегілер де грантты жетімдерге бердік дегендерінен айнып шықты. Енді, грант бөлуді мемлекеттік комиссия шешкенін алға тартып отыр.

Білім министрілігінде көп жылдар қызмет атқарған маман, білікті педагог Ерсайын Ерқожа грантттарды бөлген комиссия, білім деңгейін салыстырмай бассыздық жасады дейді. 97 балл алған оқушының орнына 81 балл жинаған оқушыны таңдау, алдымен білім саласына, ең сорақысы жастарға жасалған қиянат деп санайды.

-Комиссия министрдің бұйрығымен бекітіледі. Ал сол комиссияның дұрыс жұмыс істемегені білініп отыр. Комиссияның ішінде кімдер бар? Тек қана білім минстрлігінің қызметкерлері бар. Ары кетсе бір-екі университеттің ректорлары болуы мүмкін. Ал олар бір үңіліп, ешқандай талдау жасап отырған жоқ. Мынандай заңсыздықты, мынандай жемқорлықты мен еш уақытта көрген емеспін, - деді қоғам белсендісі Ерсайын Ерқожа.

Қазір, Назым мына оқу орнынының табалдырығын қорқа қорқа аттады. Әрине ақылы бөлімге. Жанайқайын жоғарыдағылар естір деген үміт бар, бірақ үрей де жоқ емес. Өйткені, министрліктегілердің беті бүлк етпесе, оқудың ақысын төлеу ауырға соғайын деп тұр. Ал қам көңіл ата-ана ақ қараны айрырар деп, прокуратура мен жемқорлыққа қарсы агенттікке арыз түсірген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер