Жаңалықтар тізбегі
0

Көңілімнен шықпайды: Баян Алагөзова КешYou тобын қайта жасақтайтынын мәлімдеді

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2018 16:51 Stan.kz
Қазіргі қыздардан тек Балжанды қалдырмақ.

Осы уақытқа дейін құрам өзгерту жағынан рекорд орнатқан КешYou тобы қайта жасақталмақ. Топ продюсері Баян Алагөзова осындай мәлімдеме жасады. Айтуынша, қазіргі уақытта гелзбендте өнер көрсетіп жүрген қыздар оның көңілінен мүлдем шықпайды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алагөзова КешYou жобасын жақсы көретінін, тіпті қазіргі құрамның жақсы табыс әкелетінін жасырмады.

“Бізде 5 трек дайын. Оның ішінен екеуін таңдап, жаңа видео түсіреміз. Және де жаңа құрамды таныстыратын шығармын, себебі қазіргі құрам менің көңілімнен шықпайды. Жаңа қыздар бар, қазір олар дайындалып жатыр, бірақ нақты бекіткен жоқпын. Қазіргі қыздардан тек Балжанды қалдырамын. Оны енді жеке әнші ретінде шығарамыз”, – деп мәлімдеді Баян Мақсатқызы.

Сондай-ақ, Алагөзова жақында жарыққа шығатын “Тағдыр бекеті” фильмі жайында айта кетті.

“Біз бұған дейін үлкен экран үшін мелодрама түсірген жоқпыз. Бәрі ойдан шықты. Бұл фильмге бар жанымды салдым, себебі бұл менің бұрыннан ойымда жүрген жоспарым. Болжам жасағым келмейді, 24 қаңтар күні прокатқа шығамыз”, – деп қысқа қайырды танымал продюсер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: