Жаңалықтар тізбегі
0

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

atameken.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2018 16:03 atameken.kz
Бұл қызметке Талғат Ешенқұлов тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов ҚР білім және ғылым вице-министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1999 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2000 жылы — «Қайнар» университетін, 2010 жылы — ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару докторы (PhD).

Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Жамбыл облысы Әділет басқармасында, Қаржы министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде, Жоғарғы Кеңесте, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде, ҚР Есеп комитетінде әртүрлі лауазымдарды атқарған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: