Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда екінші әуежай бой көтере ме

games-answers.net, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2018 17:39 games-answers.net
Алматы Қазақстанның туризм саласындағы халықаралық орталығы болып табылады.

Алматы маңында бой көтеретін жаңа әуежайдың қандай болатыны белгілі болды. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ҚазАқпарат агенттігінің осыған байланысты сауалына жауап берді.

«Алматы Қазақстанның туризм саласындағы халықаралық орталығы болып табылады. Сондықтан, мұнда заманауи әуежай инфрақұрылымы пайда болуы тиіс. «Ұлт жоспарының 100 нақты қадамы» жобасы аясында мұнда халықаралық авиациялық хаб салынады. Құрылысқа стратегиялық инвестор тартылады», - деді вице-министр Қайырбек Өскенбаев агенттіктің сауалына ресми жауабында.

Жоба операторы «МГ Холдинг» жобаны жүзеге асыру үшін Сингапур мемлекетінен қаржы тартумен айналысып жатыр.

Ведомствода хабарлағандай, инвестициялық қауіпсіздік мақсатында «МГ Холдинг» Қазақстан мен Сингапур арасында арнайы келісімшарт жасалған. Қазір аталған құжат Сингапур үкіметінде қаралып жатыр.

«Жобаның негізгі талабы - 22 га жер учаскесін 100 жылға қайтарымсыз басқару құқығын беру болып табылады. Сонымен қатар, салықтық жеңілдіктер, кедендік преференциялар, ерекше визалық режімді енгізу көзделген. Жеке әкімшілік территориясы бар серіктес қала тұрғызу да жоспарда бар. Онда «ағылшын құқығы» қолданылады. Сондықтан, бұл ратификациялауды талап етеді», - деп жауап берді министрлік өкілдері.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: