Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Израиль Сириядағы босқындарға көмек беруді тоқтатты

Израиль сириялықтарға жүздеген тонна азық-түлік, жанармай, түрлі құрал-жабдықтар жөнелтіп, дәрігерлік көмек беріп отырған.

Сурет : mwfpress.com14 Қыркүйек 2018, 15:05

Израиль шекара маңына шоғырланған сириялық босқындарға гуманитарлық көмек беруді тоқтатты.

Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Тель-Авивтің мұндай шешім қабылдауына Сирия үкіметі әскерінің елдің оңтүстік аудандарын бақылауға алуы түрткі болған.

Айта кетейік, Израиль тарапы шекара маңындағы сириялық босқындарға көмек беру туралы «Тату көрші» деп аталатын жобаға қатысты мәліметтерді тек өткен жылы ашты. Оған сәйкес, Израиль сириялықтарға жүздеген тонна азық-түлік, жанармай, түрлі құрал-жабдықтар жөнелтіп, дәрігерлік көмек беріп отырған. Мысалы, 2013 жылдан бері Сирияға 2 мың тоннаға жуық азық-түлік, 1 миллион тоннадан астам жанармай жіберілген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер