Жаңалықтар тізбегі
0

Қыздар Университетінің студенттері республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2018 23:03 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Дебат барысында Қыздар Университетінің студенттері бекітілген тақырып төңірегінде өз пайымдары мен пікірлерін нақты дәйектермен келтіріп, нақты ұсыныстарымен бөлісті.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 3-курс студенттері Жанар Өтеген мен Нұрай Әмірқұл «Жүрек жылуы» атты республикалық пікірсайыс турнирінде бірінші орынға ие болды. Бұл туралы zakon.kz оқу орнының Баспасөз орталығының жетекшісі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Халықаралық бизнес университетінің пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен өткен шараға Астана, Қызылорда, Шымкент және Алматы қалаларындағы 30-дан астам жоғары оқу орындарынан келген 100-ге жуық студент қатысты.

Мақсат – жастар арасындағы көшбасшылық бәсекелестікті дамыту, шешендік қасиетті арттыру, қазіргі кезде жастар мен қоғам үшін аса өзекті мәселелерді талқылай отырып, саяси сауаттылықтың деңгейін көтеру.

Дебат барысында Қыздар Университетінің студенттері бекітілген тақырып төңірегінде өз пайымдары мен пікірлерін нақты дәйектермен келтіріп, нақты ұсыныстарымен бөлісті.

– Бүгінгі проблемаларға талдау жасау және оны бұқаралық талқылау арқылы студенттердің әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін арттыру, еліміздегі жастардың пікірсайыс қозғалысын дамытуды көздеген турнирде Қыздар Университетінің білімгерлері өздерінің озық ойлы екендіктерін толықтай дәлелдеп, әлеуетінің жоғары екендігін паш етті, – дейді шара ұйымдастырушылары.

Олардың айтуынша, биыл турнир осымен бесінші рет өткізіліп отыр. Жеңімпаздарға кубок табысталып, қайырымдылық шарасынан түскен қаржы мұқтаж адамдарға табысталады.

Пікірсайысқа қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, оныӊ шешу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, турнир аясында тәтті тағамдардыӊ жәрмеӊкесі ұйымдастырылып, түскен қаражат көмекке мұқтаж азаматқа турнирдіӊ екінші күні ұсынылды.

Айта кетейік, турнир жеңімпаздары Жанар Өтеген мен Нұрай Әмірқұл Қыздар Университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алады. Арулар оқу орнындағы «Парасатты Нағыз Лидерлер Одағы» интеллектуалды пікірсайыс клубының қазақ лигасының белсенді мүшелері.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: