Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтаудағы бір отбасында 12 ұстаз бар

Отбасының жалпы еңбек өтілі- 257 жыл.

Сурет : www.inform.kz9 Қазан 2018, 16:17

Мұғалімдердің мәртебесі туралы ҚазАқпарат тілшісіне ақтаулық ардагер ұстаз Бесінбай Бегенішов айтып берді.

«Бұрын ұстаздардың мәртебесі жоғары тұратын. Көшеден оларды көріп қалсақ, жолда тұра қалып, жол беретін едік. Уақыт өте келе, заман ағымына сай түрлі мамандық шыққан соң ба, мұғалімдерге деген құрмет пен ізет төмендеп кетті. Менің заманымда мұғалімдер қазіргі министрге теңелетін еді. Ең беделді мамандық болатын. Сондықтан ұл-қыздарымды педогика саласындағы мамандарға оқыттым. Қазір отбасымда 12 ұстаз бар», - дейді Бесінбай Бегенішов.

Ұстаздар династиясының отағасы Бесінбай Бегенішовтың қарындасы, ұлы мен 2 қызы, 3 келіні, 5 немересі ұстаздық жолды таңдаған.

Олардың ішінде психолог, тәрбиеші, математика, технология, 2 география, 3 қазақ тілі мен әдебиеті, 3 бастауыш сынып мұғалімі бар.

Отбасының жалпы еңбек өтілі- 257 жыл. Ардагер ұстаз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүріп, зейнет жасына шыққан. Ақсақалдың айтуынша, ұстаздар - мәртебесіне сәйкес, енді көп ізденуі, өсуі керек.

«Сондықтан керек емес қағазды толтырудан арылып, оқушыларды жетістікке жеткізуге талпыну қажет. Сондықтан Елбасының биылғы Жолдауында айтқан тапсырмасы - дәл уақытында көтерілген бастама. Олардың айлықтары, атқарған жұмыс тәжірибесі мен санатына байланысты көбейетін болады деді. Бұл жаңашылдықты қолдаймын»,-дейді Б. Бегенішов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер