Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан қаласының полицейлері студент қызға шабуыл жасаған күдіктіні ұстады

Түркістан облыстық ІІД Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2018 16:33 Түркістан облыстық ІІД Баспасөз қызметі
Түркістан қаласының полициясына ағымдағы жылдың қыркүйек айында жәбірленуші арызданған, онда белгісіз азамат оның ұялы телефонын тартып алып, өзін зорламақ болғанын көрсеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері студент қызды зорламақ болып, тонауға оқталған күдікті ретінде жергілікті жердің тұрғынын анықтап, ұстады деп жазады zakon.kz, Түркістан облыстық ІІД Баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Түркістан қаласының полициясына ағымдағы жылдың қыркүйек айында жәбірленуші арызданған, онда белгісіз азамат оның ұялы телефонын тартып алып, өзін зорламақ болғанын көрсеткен. Полицейлер сол күні күдіктінің түр-тұлғасын анықтап, оны ұстау үшін бірқатар іс-шаралар атқарылды. Бұл іс облыстық ІІД басшылығының жеке бақылауында болды.

Бірнеше апта өткен соң, Криминалды полиция басқармасының жеделізкесушілері облыстың әрбір ауданын тексерді. Барлық облыстарға күдіктінің бағыттамасы жіберілді. Өйткені, оның облыс аумағынан шығып кетуі мүмкін деген болжам болған. Түркістан облысы ІІД жеделізкесушілері қазан айының басында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде күдіктіні Алматы қаласынан ұстады.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «зорлауға оқталу» және «тонау» жайттары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Еске сала кетейік, алдын БАҚ және әлеуметтік желілерде Түркістан қаласында белгісіз азамат жас студент қызды тонап, оны зорламақ болғаны туралы ақпарат жарық көрген болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: