Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының не істеу керектігін айтты

caravan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2018 17:05 caravan.kz
Терроризмнің алдын алу үшін жасалып жатқан шараларға қарамастан, діни ұрандарды жамылып жүрген үгіттеушілер, әлемдегі ахуалды тұрақсыздандыру үшін қолдарынан келгендерін аямайды - Тоқаев

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Астана съездері ұзақ мерзімді проблемаларды шешуде тиімді құрал болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев дінаралық саммитінің ашылу салтанатында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол діни лидерлердің болашақ қызметінің негізгі бағыттарын үш бағыт бойынша көреді.

Терроризмнің алдын алу үшін жасалып жатқан шараларға қарамастан, діни ұрандарды жамылып жүрген үгіттеушілер, әлемдегі ахуалды тұрақсыздандыру үшін қолдарынан келгендерін аямайды. Тіпті жек көру идеологиясын дамыту арқылы мемлекеттер арасына шоқ қояды, - деді бірінші бағыт жайында айтқан Тоқаев.

Екінші бағыт - әлемнің саяси көшбасшыларына көмек көрсету. Тоқаевтің пікірінше, бұл қадам арқылы әлемдік саясаттың қарама-қайшылықтарынан арылуға болады.

Үшіншісі - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті терроризмнен еркін әлемге қол жеткізу үшін ұсынған әдеп кодексін қолдану.

Діни лидерлер кеңесі осы Кодексті әлемдік діни және саяси көшбасшылардан терроризм қаупін алдын-алу туралы тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін негіз ретінде қабылдай алады. Осы шараларға съезаралық кезеңде съез хатшылығының жұмысын бағыттағымыз келеді, -деді Тоқаев.

Оның айтуынша, отырыстың қорытындысы бойынша 6-съезд қабылдайтын бірлескен декларация белгіленген бағыттардағы маңызды қадам болып табылады. Ол сондай-ақ VI Съезд жоғары конструктивтілік жағдайында өткізілетініне сенім білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: