Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ислам Кәрімовтың бірінші некесінен туған ұлы өзбек әуе компаниясын сотқа берді

Қазір 1969 жылы туылған Петр Каримов Исламұлы Мәскеу облысында тұрады.

Сурет : sn.kz11 Қазан 2018, 14:26

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің бірінші некесінен туған ұлы Петр Мәскеудегі Тверск аудандық сотына шағымданып, жұмыс берушілерден жұмысшылар айлығын беруді талап етті деп жазады sn.kz.

Тверск аудандық соты Каримов деген азаматтың «Узбекистон хаво йуллари» әуе компаниясын сотқа бергенін растады.

«Бізде расында шағым берушілер арасында Каримов деген фамилия бар. Бірақ оның Өзбекстанның экс-президентінің ұлы ма, жоқ па, білмеймін. Оның шағымы бойынша сот отырысы 24 қазанда өтеді. Жауап беруші – «Узбекистон хаво йуллари», - деді Тверск аудандық сотының төраға орынбасары Анастасия Дзюрко.

Бірқатар БАҚ-тың жазуынша, Петр Каримов ұзақ жылдар бойы «Узбекистон хаво йуллари» ұлттық компаниясында басшылық қызметте істеген.

Бірақ 2016 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін, қызметінен алынған. Петр Каримовтің шағымы бойынша, компания жұмыстан шығарар алдында айлық төлемеген. Бірақ «Узбекистон хаво йуллари» ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы Зумрад Шоджалилов жергілікті БАҚ-қа компанияның Петр Каримовпен толық есептескенін айтқан. Шағымданушыға да, осылай деп жауап берген.

Ислам Каримов тірі кезінде оның Петр атты ұлы жөнінде ашық айтылмайтын. Бірақ соңғы жылдары БАҚ беттерінде Ислам Каримовтің Наталья Кучмамен арадағы некеден ұлы бар екендігі ашық жазылып жүр.

Қазір 1969 жылы туылған Петр Каримов Исламұлы Мәскеу облысында тұрады. Экономика саласының маманы. Ол осыған дейін біраз уақыт «Азия-Инвест Банктің» басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер