Жаңалықтар тізбегі
0

"Өмір өзі реттейді". Димаш жалғыз ғана досының қалғанын айтып қаймықты

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2018 20:22 sputniknews.kz
Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде екіұшты жазбасын бөлісті.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында жалғыз ғана досының қалғанын айтып, тыңдармандарын алаңдатып қойды. Айтуынша, өмір барлығын реттеп, нағыз достарды іріктеп шығарады деп жазады sputniknews.kz.

Белгілі әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі оқырмандарына жан досын таныстырды. Сондай-ақ, жұлдыз бүгінде өзінің көп адаммен етене жақын араласа бермейтіні туралы жазба қалдырды.

"Қазіргі заманда шынайы дос табу — қиынның қиыны. Өмір сүре келе көп нәрсеге көзіңнің ашылатыны тағы бар. Кейбір адамдарды қателесіп дос деп қабылдасақ та, өмір бәрін өз орнына қояды екен. Ерлан Бекчурин ағамызды санамағанда қазір жалғыз ғана досым — Айсұлтан. Бұл — екеуіміз 9 жыл бұрын түскен фото. Бауырым, аман бол! Талай арманымызға қол жеткізіп жүре берейік! 100 досың болғанша, 1 нағыз досың болсын", — деді Димаш Құдайберген.

Әлеуметтік желі қолданушыларының көбі әншіден бұрынғы продюсері Алпамыс Шәрімовпен достығы туралы сұрады. Айтуларынша, соңғы кезде екі достың арасы суып кеткен. Сондай-ақ, Димаштың сөзін құптап, өмірде нағыз достың аз болатынын айтып жатқандар да болды.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: