Жаңалықтар тізбегі
0

Дизайнер Жадо әншілікке бет бұрып, екі бірдей клип түсірді

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2018 20:30 Stan.kz
Бүгінде Жадо есімімен танылған сәнгер кезінде биші болған.

Дизайнер Жадо енді әнші. Осы уақытқа дейін сәнқой қыздардың көңілін тауып келген Жадыра Сахиева енді қазақ тыңдарманын таңғалдырмақ. Ол бұдан былай “Жаным” атты топта ән салады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бүгінде Жадо есімімен танылған сәнгер кезінде биші болған. Хореографиямен кәсіби түрде айналысып, тіпті қоюшы қызметін атқарған. Кейіннен сән әлеміне бет бұрған. Бүгінде Астанаға қоныс аударған Жадоға сән әлемі де аздық етсе керек-ті, ол енді шоу-бизнесті бағындырмақ.

“2 қыз, 2 жігіттен тұратын “Жаным” атты топ. Астанаға көшкен соң үлкен орталық аштық, сосын жанымдағы кісілер ән айтуға ұсыныс білдірді. Неге айтпасқа дедім? Бұған дейін пиар-директорым Ринат Тәттібаймен караокеде ән айтатынбыз, сол кезде дуэт жазайық деп ұсыныс тастайтынмын. Ол кісі қалай болар екен деп қорқақтайтын”, – дейді Жадо.

Жадо сахнаға қадам баспас бұрын жарты жыл дайындалғанын айтады. 6 ай кәсіби маманнан сабақ алыпты. Ондағы көксегені – вокалдық қабілетін шыңдау.

“Бүгінде менің ең бірінші сыншым директорым Ринат Тәттібай, жақсы шықты деп айтып жатыр. Бағасын халық берер”, – дейді Жадыра Сахиева.

“Жаным” тобы аз ғана уақыттың ішінде үш ән жаздырып, екі бейнебаян түсіріп үлгерген. Оның бірін жақын арада, ал екіншісін Жаңа жыл қарсаңында халыққа ұсынбақ. Шығармашылыққа білек-сыбана кіріскен Жадо бұдан бөлек, тағы да екі әннің жаздырылып жатқанын айтып қалды.

“Мен енді кәсіби әнші емеспін. Дегенмен де көрейін деп шештім. Менің ән айтқанымның өзі “хайп” деп ойлаймын, өйткені қоюшы-режиссер болдым, одан кейін дизайнер-модельер, енді мінеки әнші болмақпын”, – деп ағынан жарылды Жадо.

Әнші Жадомен бірге бүгінде “Пилот” тобының бұрынғы әншісі Игорь, “Митисы” тобының экс-мүшесі Руслан және же прима-балерина Гүлфайруз ән салады екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: