Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Google компаниясы онлайн сауданы тиімді жарнамалау жолдарын айтты

Google компаниясының мамандары қатысушыларға интернет-технологиялардың маңыздылығын, атап айтқанда электронды саудада қандай маңызы бар екенін жеткізді.

Сурет : sn.kz19 Қазан 2018, 17:42

Елордада «Қазпошта» АҚ ұйымдастыруымен Google компаниясының өкілдері ІТ-компанияларының басшылары мен мамандарына, маркетологтарға, бизнесмендерге, отандық интернет-дүкен иелеріне арнайы meet up өткізді, деп хабарлайды Sn.kz.

Google компаниясының мамандары қатысушыларға интернет-технологиялардың маңыздылығын, атап айтқанда электронды саудада қандай маңызы бар екенін жеткізді.

Халықаралық компанияның өкілі Евгений Ганчитс шараға қатысушыларға гугл іздеу жүйесінің қыр-сырымен таныстырып өтті.

«Google – бұл процестерді оңтайландыруға мүмкіндік беретін және қазіргі кезде қажет нәрсені тез арада табуға жағдай жасап отырған, өте ақылды іздеу жүйесі», – деп өз сөзін бастады компания өкілі Евгений.

Digital-маркетингте 7 жыл тәжірибесі бар Роман Леонов Қазақстанда, Әзірбайжанда және Қырғызстанда купондық сервисті дамытумен айналысқан. Бірнеше жылдан кейін өзінің Peklo агенттігін ашқан.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде жеке сайтты қалай құру керектігін, оны қалай рәсімдеу керектігін айтып, барлық маркетологтарға міндетті түрде Google Analytics-ті қолдануға кеңес берді.

Meet up-ты digital-агенттікті дамытумен айналысатын Асия Мамбеталиева қорытындылап өтті. Асия өз кезегінде Google компаниясына тиесілі YouTube видеохостингінің қызметі жөнінде айтып берді. Басты назарды жарнамалық бейнероликтерге қоюға бағдар берді.

Бүгінгі таңда Қазақстан бүкіл әлемде YouTube-ті көру бойынша алғашқы позициялардың бірін алады, сондықтан бұл жарнама үшін тамаша құрал. Қазіргі кезде әрбір секунд сайын 1,5 миллиард көрермен үшін 400 сағаттан астам контент жүктеледі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер