Жаңалықтар тізбегі
0

Ерболат Төлеген отандық телеарнадан 6 айлық жалақысын ала алмай жүр

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2018 22:18 stan.kz
Әзілкеш актер осыдан 5-6 айдай бұрын “Беу туған жер” атты бағдарламаны жүргізуге келіскен.

Ел арасында Шімән апаның образында танылып кеткен Ерболат Төлеген өзіне тиесілі ақшаны ала алмай жүр. Осыдан біршама уақыт бұрын отандық телеарнада бағдарлама тізгінін ұстаған актер жарты жылдық жалақысын алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Hit-TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әзілкеш актер осыдан 5-6 айдай бұрын “Беу туған жер” атты бағдарламаны жүргізуге келіскен. Алайда түсірілім аяқталған соң, бағдарлама продюсері келісілген ақшаны төлеуден бас тартқан. Ақырында актер телеарна басшылығына мәселенің мән-жайын айтып, шағымданған. Алайда олардан да мардымды жауап ала алмапты.

Актердің айтуынша, аталған бағдарлама ақпарат және коммуникациялар министірлігінің тапсырысымен түсірілген. Ерболат Төлеген мойнына жүктелген жауапкершілікті арқалап, күндіз-түні жұмыс-істегенін айтады. Жауынға да, желге де қарамай еңбек еткенімде, мені ақымақ қылғандары жаныма батады, деп ашынады актер.

“Түн батқаннан таңға дейін таспаланды. Жел демей, жаңбыр демей бастан аяқ жүргіздім. Барлығы куә. Қазір қалың көрерменге ұсынылуда. Басында 16 бағдарлама түсіруге келістім. Кейіндері тағы қосылды. Ақшаға емес, мені ақымақ қылғанына қынжыламын”, – деді Ерболат Төлеген.

Актер продюсермен арада ешқандай келісім-шартқа отырмағанын айтады. Ал телеарна басшылығы Ерболат Төлеген мен продюсердің “ауызша” келісіміне жауап бере алмаймыз деп отыр.

“Біз жалпы көрерменге ұсынылатын бағдарламаларды арнайы аутсорсингтік компаниялардан сатып аламыз. Олар өнімді дайындап бізге өткізеді. Арнайы жобаны тексеріп, кем кетігін түзетіп, ұнаса қабылдап, ақшасын уақытылы аударамыз. Ал продюсермен қызметкерлер арасындағы қаржылық келісімге қатысымыз жоқ”, – деді Алматы арнасының бас продюсері Рита Кенжаловна.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: