Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Шоплифтинг: Балалар арасында дүкен заттарын байқатпай ұрлап кететін ойын түрі тарады

Ал психологтардың айтуынша, шоплифтердің өзі мұндай қадамға қатып қалған жүйені бұзу үшін барамын деп ойлайды екен.

Сурет : stan.kz2 Қараша 2018, 17:39

«Шоплифтинг». Бұл жастар арасында пайда болған жаңа ермектің бір түрі. Атауы әдемі болып естілгенімен, кәдімгі ұрлық дерсің. Өздерін «шоплифтер» деп атайтын топ дүкен сөрелерінде тұрған тауарды сатушыға білдіртпей, қолды қылып кетуде.

Ал ең сорақысы қолының ымысқысы барлар бұл әрекктері үшін тіпті де қымсынбайды. Жымқырып кеткен барлық дүниелерін желіге салып, бір-біріне көрсетіп, мақтануда. Ал кейбіріне желідегі көшбасшылары қандай затты ұрлау керектігін айтып, тапсырма береді екен. Бұл туралы Евразия бірінші арнасы хабарлайды деп жазады stan.kz.

Ғаламторды қосып, «шоплифтинг» деп жазсаңыз болды, түрлі жазбалардан көз сүрінеді. Мәселен, мына бір парақшада шоплифтер өздерінің ұрлаған заттарын әлеуметтік желіге салып, еш қымсынбастан бір-біріне көрсетіп, мақтануда. Сондай жастардың бірі Серік. Мұндай қадамға достарының үгіттеуінен кейін барыпты.

“Біз супермаркеттерге кіріп, киімдер алып, тамақтар, тәттілер алып, солай ұрлық жасайтынбыз. Ұрлықтарды сосын, ВК-да, инстаграмда беседалар, группалар болатын соларға жіберіп бір-бірімізге мақтанатынбыз. Дүкен хозяиндарына ол ұсақ-түйек мелоч та, олар оған мүлдем мән бермейді. Ол туралы уайымдамайды деген ой болды да, сосын біз бұл ұрлықтан ұялмайтынбыз” – дейді шоплифтер Серік.

Шоплифтер тіпті бір-бірімен жарысып, бәсекеге түсетін болған. Мәселен, мына екі жігіт сауда орындарының біріне барып, кімнің қолы епті екенін анықтауда. Яғни, тауарды кім көбірек қолды етеді деп бәсекеге түсуде.
«Вообщем устоновили 7 камер, по периметру. Вот они находятся все здесь».

Әлімхан Балғожиннің бизнеспен айналысып жүргеніне 3 жыл болды. Кәсібін аша салысымен “сақтықта қорлық жоқ” деп, әр жерге бейнебақылау камераларын орнатқан. Өйткені, ар-ұяттан жұрдай жандардан әбден аузы күйген екен. “Ал олардың қылмысын әшкерлейтін бірден-бір жолы осы” дейді.

«Мен де талай шоплифтингтің куәсі болдым. Мәселен, бір рет дүкенде тұрғанымда 10-12 жас шамасындағы 4 бала кірді. Біреуі мынау қанша тұрады, ал мұның бағасы қанша деп менің көңілімді аулап тұрды. Мен бірден бұл жерде бір гәп бар екенін сездім. Камераға қарасам, қалған үш бала тауарларды жанталасып қалталарына салып жатыр екен. Кейін оларды ұрсып дүкеннен шығарып жібердім.” – дейді кәсіпкер Әлімхан Балғожин.

Шоплифтердің дені бейнебақылау камераларынан қорықпайды. Қызығы, шоплифтердің ұрлағаны 2 Айлық есептік көрсеткіштен, яғни 4810 теңгеден кем болса, олар қылмыстық жазаға тартылмайды екен. Тек қана әкімшілік жазамен құтылады. Сондықтан да болса керек, жастар арасында шоплифтинг белең алып барады. “Бұған тосқауыл қою үшін заңды қатаңдатып, тез арада жазаны күшейту керек” дейді заңгер Айсана Сман.

“Жауапкершілікті, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікті күшейту керек. Сондай, осындай ұсақ ұрлау аздау болады. Қазіргі жағдайда ұсақ ұрлау өте көп. Байқамайды, камера тұрса да ұрлайды. Содан кейін 5000 теңге үшін полицейскийді шақырмаймыз деп көбісі шақырмайды” – дейді заңгер Айсана Сман.

Ал психологтардың айтуынша, шоплифтердің өзі мұндай қадамға қатып қалған жүйені бұзу үшін барамын деп ойлайды екен. Яғни, тыйым салынған затқа қол жеткізіп, сонысы үшін эмоционалдық жағынан үлкен серпіліс алатын көрінеді.

«Олар сондай ұйымдарды, сондай бір топтарды іздеп өздеріне тауып алады да, өздерінің ішіндегі энергиялары бар ғой, олар оны жұмсау керек. Яғни, олар өздерін бір жеңімпаз ретінде сезіну керек. Тек қана сол үшін олар осындай қадамдарға барады деп мен ойлаймын» – дейді психолог Ғибрат Сағындықова.

Осылайша, дүрмекке ерген кейбір жастар не істеп жүргендерінің байыбына да бармайтын тәрізді. Бірі бұл әрекетін мақтан көрсе, өзгесі ұсақ-түйек затты ұрлағанда тұрған ештеңе жоқ деп ойлайтын сияқты. Ал, соңы зор өкінішке алып келетін әрбір қателік осылай басталатынын ескерсек, қолының жымысқысы бар мұндайлар ертең өмірден қатты опық жеуі әбден мүмкін.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер