Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қостанай тұрғыны екі жыл бойы заңды баспанасына қол жеткізе алмай жүр

Ол сатушыға үй құнын толық төлеген. Қолында нотариус бекіткен сауда-саттық келісімі де бар. Бірақ әлі күнге сот табалдырығын тоздыруға мәжбүр.

Сурет : sn.kz5 Қараша 2018, 09:24

Заңды үйіне кіріп, қоныс тойын тойлауға не кедергі? Үйді сатқан Сәкен Қапасов нотариалдық мәміленің жасалғанын мойындайды. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Ол 2016 жылдың қаңтар айында сатып алушыдан баспана үшін 3 миллион теңге алған.

Сәкен Қапасов, үйді сатушы: - Нотариусқа келіп сауда-саттық келісімін жасастық. Ақшаны алдым. Бірақ ол кезде қыс кезеңі болғандықтан баспананы бірден босата алмайтынымды айттым. Күн жылығанша паналай тұруымды өтіндім. Бұған сатып алушы келісті.

Уақыт өте келе нотариус тарапынан қателік жасалғаны белгілі болды. Ол сауда-саттық келісімін электрондық тіркеуден өткізбеген.

Данияр Қазыкенов, сатып алушының өкілі: - Нотариус сауда-саттық келісімін бірыңғай ақпараттық нотариалды жүйеге тіркеуі керек. Кейін тіркелу үшін төленген мемлекеттік баж салығының бақылаушы чегін шығарып беруі тиіс. Бірақ чек шығарылмаған. Ал бірыңғай жүйеде біздің сауда-саттық мәмілесі атымен жоқ.

Сатушының айтуынша, мәміле жасалғаннан кейін ол нотариусқа қайта барған. Құқық белгілеуші құжаттың түпнұсқасын алып, үйді кепілге қойып банктен несие рәсімдейді. Ал банк қайтарылмаған қарыз үшін мүлікке тыйым салған. Сатып алушы тезірек меншік иесі атану үшін 4,5 млн теңге берешекті өтеуге келіседі. Алайда бұл шаруаны тындыру мүмкін болмайды. Баспанаға қайта тыйым салынды.

Данияр Қазыкенов, сатып алушының өкілі: - Сауда-саттық келісімі жасалған соң араға бір жыл салып сатушы 11,5 миллион теңге қарыз алған. Сот орындаушылар осы соманы өндіру бойынша мүлікке тыйым салып отыр. Сәйкесінше біздің меншік иесі атануға құқымыз жоқ.

Бұл баспана сатып алушының осымен төртінші сот отырысы. Бұған дейін нотариустың әрекеттері заңсыз болғанымен, мәміле жарамды деп танылған. Ал меншік құқығы мойындалмады.

Жанар Жайлыбаева, Қостанай облыстық сотының судьясы: - Келісім нотариалды түрде куәландырылған. Ешбір тараптан келіспеушілік туындамаған. Сондықтан оны тіркеуге қатысты кедергілер жоқ. Бұл жағдайда меншік құқығы дауын қарастырмаймыз. Сәйкесінше меншік құқығын тануды қабылдамаймыз.

Жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алып тастау талабымен сатып алушы сотқа кезекті арызын дайындауда. Аталған іс бойынша Әділет департаменті мен нотариалды палатадан ресми ақпарат алу мүмкін болмады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер