Жаңалықтар тізбегі
0

Покров ауылындағы шаруа қылыш ұстаған жауынгер бейнеленген балбалтас тауып алды

kaztrk.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2018 18:05 kaztrk.kz
Құнды жәдігерді құрып кетуден сақтап қалды.

Қостанай облысының Денисов ауданы тұрғындары мен мұражай қызметкерлерінің іс-әрекетіне осылай баға беруге болады. Покров ауылындағы шаруа мал бағып жүріп, қылыш ұстаған жауынгер бейнеленген балбалтас тауып алған.Бұл туралы zakon.kz, kaztrk.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Алайда, далада жата берсе мүсін бүлініп қалар я қолды болып кетер деп мұражай қызметкерлері мен тұрғындар бірігіп оны қауіпсіз жерге жеткізді. Көк шыққаннан қар түскенше төрт түлігін жайлауда бағатын Сергей Стяжкин ойда жоқта балбалтасқа тап болған. Үлкен тасты өрісте мал қайырып жүріп қалың өскен шөптің арасынан байқап қалған.

Сергей Стяжкин, шаруа: - Тас жартылай құмға көміліп жатты. Ашып қарағанда адам бейнесін байқадым. Сосын ауылдастарымды шақырып, көтеріп, тұрғызып қойдық. Кейін бұл туралы ауыл әкімі, мәдениет қызметкерлері естіп, арнайы келіп көрді.

Көп ұзамай көне жәдігер аудандық мұражайға жеткізілді. Мүсіннің басы жоқ. Сынып, бөлініп қалған болуы керек. Тастағы бейнеден сол қолына қылыштың сабын, оң қолына ыдыс ұстаған ер адамның денесі анық байқалады. Балбалтас негізі тікесінен тұруы керек. Бірақ, асты тегіс болмағандықтан, оны жатқызып қойған. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, мүсіннің артында да руно жазуына ұқсас белгілер бар. Алайда, оны қазір аударып көру мүмкін емес. Себебі, тастың салмағы 300 келіден асады. Балбалтас қазір 13 жылдық тарихы бар аудандық мұражайдағы ең құнды жәдігерге айналды. Оны талапқа сай тікесінен тұрғызып қою үшін арнайы тұғыр жасауға тапсырыс берілген.

Наталья Таран, Денисов аудандық мұражайының директоры: - Мүсінді жан-жақты зерттеу алдағы күндердің еншісінде. Әзірге ешқандай ғалым келген жоқ. Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының маманы тек фотосурет арқылы алғашқы болжамдарын жасады. Оның айтуынша, бұл мүсін біздің дәуіріміздегі 7-8 ғасырға тиесілі.

Яғни, балбалтастың адам қолымен қашалғанына 1000 жылдан асқан. Покров ауылының тұрғындары тас мүсін табылған аумақта ежелгі қорғанның орны бар екенін айтады. Алайда, осы уақытқа дейін онда археологиялық қазба жүргізілмеген. Жергілікті жұртты қойнауына сыр бүккен даланың құпиясын ашуға ешкімнің қызықпайтыны Һәм асықпайтыны қынжылтып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: