Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазалы ауданында 18 пәтерлік алты тұрғынүйдің құрылысы жүргізіліп жатыр

Ауданды дамытудың бас жоспарына сәйкес алдағы уақытта Әйтеке би кентін Қазалы қаласымен біріктіру жоспарлануда.

Сурет : Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі5 Қараша 2018, 13:00

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Қазалы ауданына барды. Онда 18 пәтерлік алты тұрғынүйдің құрылыс алаңында болып, инженерлік коммуникацияларды жүргізу бойынша атқарылған істер мен жаңа автопарк жұмысымен танысты деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі таңда аудан орталығында Әйтеке би кентінде 18 пәтерлік алты үйдің құрылысы жүргізілуде.

Атап өтейік, ауданды дамытудың бас жоспарына сәйкес алдағы уақытта Әйтеке би кентін Қазалы қаласымен біріктіру жоспарлануда.

Қазіргі таңда табиғи газ, ауыз су және электр энергиясын жүргізу, сондай-ақ жалпы көлемі 500 гектар аумаққа жол салу құрылысы іске асырылуда. Инженерлік коммуникацияларды жүргізу жұмыстары 2019 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, бүгін аймақ басшысы Қазалы ауданында ағымдағы жылдың қазан айында "Сенім-Табиғат" ЖШС мен "Байқоңыр" ӘКК бірлесіп салған "Қазалы Керуен" көлік, сауда-логистикалық орталығының жұмысымен танысты.

Кәсіпорынның сапаржайы сағатына 250 жолаушыға қызмет көрсетеді. Нысанда автотұрақ, көлікке техникалық қызмет көрсету және сауда ойын-сауық орталығы қызмет атқарады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер