Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанда кедейлік шегі көтеріледі

Кедейлік шегін көтеру мәселесі 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарда қайта қаралмақ.

Сурет : sputniknews.kz6 Қараша 2018, 09:16

Қазақстанда кедейлік шегін ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісте өткен үкімет сағатында депутаттар кедейлік шегін көтеру мәселесін қозғады. Айтуынша, бүгінде кедейлік шегіндегі азаматтардың табысы 14 142 теңгені немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ін құрайды. Олардың басым бөлігіне қолдау көрсетілмейді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарда кедейлік шегін көтеру жоспарланып отырғанын атап өтті.

"Оны кезең-кезеңмен ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін жеткіземіз", — деді министр.

Айтуынша, көп балалы және еңбекке қабілетті адамдар жоқ отбасылар үшін кедейлік шегі 70 процентке дейін көтерілсе, ал асыраушысы бар отбасылар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 проценті деңгейінде қалады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер