Жаңалықтар тізбегі
0

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушысы Бөрлі ауданының тұрғындарымен кездесті

«Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» газетінен, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2018 17:17 «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» газетінен
Бөрлі ауданының өнерлі жастары есімі алтын әріппен жазылатын тарихи тұлғамен дидарласуға мүмкіндік алды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының тізіміне облысымыздан үш адамның есімі енген болса, соның бірі Саида Қалықова. Қос жанары көрмесе де бойында тұнып тұрған таланты бар Саиданың өмір жолы мен тамаша өнері баршаға үлгі-өнеге.

Ауданымыздың өнерлі жастары есімі алтын әріппен жазылатын тарихи тұлғамен дидарласуға мүмкіндік алды. Аудандық саз мектебінде өткен тағылымды шарадан көрермен мол әсер алды. Алдымен музыкант жайлы деректі фильм көрсетілді. Саусағынан саз тамған шебер пианист, композитор, еліміздің жалғыз музыка академигі – Саида Қалықова алдымен өз өмірі жайында баяндап, өнерін де паш етті.

Музыкант деген – ол өмірлік мамандық. Бұл жолды таңдаған адам өмір бойы жаттығып, өзінің шеберлігін арттырып, біліктілігін шыңдап отыруы қажет. Дене мүшелері де бұған машықтанып алады. Спортшыны жарысқа баптаған сынды біз де бұлшық еттерімізді ұдайы жаттықтырып, әр уақытта дайын болу керекпіз. Өйткені әр концерт сайын орындап жүрген шығармалардың қайсысы болмасын әркез жаңадан туғандай әсерде болғаны абзал дейді, пианист.

Ұлттық жоба жеңімпазы бүгінде 80-нен астам жеке концертін берген. Негізінен Қазақстан, Ресей мен Италияның үздік сахналарында өнер көрсетіп жүр. Фортепианоның құлағында ойнайтын хас шебер жүздеген өнер сүйер қауымның жүрегін жаулады.

Байқаудың іріктеу кезеңдеріне қатысып жатқаным мен үшін тосын жаңалық болды. Күтпеген жерден қоңырау шалып «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының тізіміне енгенімді хабарлағанда алдымен сене алмадым. Бұл ел таңдауы дегенде тіптен өзімді қоярға жер таппадым. Бұл маған көптің сеніп тапсырған үміті. Ол үлкен жапкершілік. Оны ақтау үшін бұдан да белсенді болуым керек. Өзімнің шығармашылығым және жеке қасиеттеріммен жұмыс жасауым қажет, дейді ол.

Саида Қалықова кішкене кезінен музыкаға қызығушылық танытты. 6 жасар қыз бір мезгілде бірнеше үйірмелерге барып, би билеп, фортепьяно мен домбырада ойнады.

Менің жүз пайыздық жанарым болды. Содан кейін, 8 жасымда, маған ми ісігі — краниофаринггиома диагнозы қойылды. Бізге осындай операцияларды Мәскеуде ғана жүргізетіні айтылды. Содан кейін біз сол жерге барып, Н. Бурденконың институтына баруды ұйғардық. Операциядан кейін, мен оянғанда мен өз көзжанарымды жоғалтқанымды түсіндім. Менің ата-анам музыканы оқуға жалғастыруды шешті, бұл мен үшін моральдық көмек болған еді. Кейін ата-анам менімен үйде жұмыс істейтін мұғалім тапты. Мұғалім менің ата-анама керемет музыкалық болашағым бар екенін айтты», — дейді Саида Калыкова.

Саида Орал қаласының жалпы және музыкалық мектебін үздік бітіріп, Ұлттық өнер университетіне барады.Емтиханда ықтимал 120 баллдан 116 балл жинайды. Біраз уақыттан кейін Флоренцияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураға түседі.

— Маған Италияда жұмыс ұсынды. Бірақ мен қалмадым. Өйткені өз Отанымды сағындым. Мен өз елімнің патриотымын. Бүгінде Астана қаласында жұмыс жасаймын. Ал Орал менің туған қалам. Сіздердің шақыртуларыңызбен Ақсайға алғаш келуім — деді Саида Калықова.

Бүгін Саида Каликова Астананың Мемлекеттік академиялық филармониясының солисі, жыл сайын дербес және шетелде жеке концерттерін береді.

Айым Нұрғалиева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: