Жаңалықтар тізбегі
0

"Ұлымды ұмытты, ешкім есіне алмайды" Бекзат Саттархановтың әкесі ренішін айтты

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2018 20:45 sputniknews.kz
Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінінде орналасқан мектепке басқа спортшының есімі берілген.

Түркістанда қазақтың аты аңызға айналған боксшысы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов атындағы спорттық кешеннің ғимараты қираудың аз-ақ алдында тұр, деп хабарлайды sputniknews.kz, Otyrar сілтеме жасап.

Спорттық кешен 2000 жылы ашылған. Қазір ғимарат жұмыс істеп тұрғанымен, ондағы спорт мектебіне спортшы Әбдісалам Нұрмахановтың есімі беріліпті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2018 20:45
Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені

Түркістан қаласына кіре бергенде Бекзат Саттархановтың ескерткіші жанында орналасқан спорт кешені ашылғалы бері бірде-бір рет дұрыстап жөнделмеген екен. Спорт мектебі директорының орынбасары жақында жөндейміз, ақша бөлінген дейді, алайда жұмыстың қашан басталатыны беймәлім.

"Біз мұнда республикалық жарыстар өткіземіз. Керемет деңгейде болмаса да, ұйымдастырып жүрміз. Келесі жылы наурызда жөндеу жұмыстары басталады. Құжаттары дайын, 300 миллион теңге бөлінген, қосымша ғимараттар салу жоспарда бар. Өз күшімізбен едендерін ауыстырып, кабинеттер жасағанбыз", — дейді Нұрмаханов атындағы спорт мектебі директорының орынбасары Төленбек Асанов.

Марқұм боксшының әкесі Сейілхан Саттарханов телефон арқылы берген сұхбатында осы жағдайға байланысты өкпе-ренішін жасырмады.

"Бекзат Олимпиада чемпионы болған кезде бұл ғимарат бар болатын. Қазір сыртында Бекзаттың аты жазылып тұр, ал ішіндегі мектеп басқа спортшының атымен аталады, бұл ғимаратта балама қатысты ештеңе жоқ. Музейде тұрған медальдері түпнұсқа емес, бәрі өзімізде. Ұлымызды ұмытты, ешкім есіне алмайды, ол туралы бір ауыз жақсы сөз айтпайды. Ғимаратты жөндеу туралы айтпай-ақ қояйын, өздері жауап берсін. Бекзаттың құрметіне жақсы, заманауи ғимарат салса да болар еді, Қазақстанның намысын қорғап, елдің атын шығарды емес пе? Бекзаттай боксшы ешқашан болмаған сияқты көрінеді. Осының бәрін айту маған оңай емес, айта-айта жауыр болса да, еш нәтиже жоқ", — деп Сейілхан Саттарханов ренішін білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2018 20:45
Спорт кешеніндегі музей

Айта кетсек, спорттық кешенге елді мекендерден мыңдаған оқуәішы барады екен, ұжымдағы бұрынғы 50 бапкердің қатарына жаңадан 40 адам қосылған.

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімет бергендей, жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталады, ол үшін облыстық бюджеттен 7 миллион теңге бөлінген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2018 20:45
Спорттық кешеннің ғимараты апаттық жағдайда

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: