Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Өскеменде екі жігіт қыз үшін төбелесіп қалды

Жеңілгені пышаққа жармасқан.

Сурет : altaynews.kz7 Қараша 2018, 10:28

Қыз үшін қызыл шеке төбелес Ворошилов көшесінде болған. Болмашы нәрседен шыққан жанжалдың соңы қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

№2 Өскемен қалалық сотының материалдарына сүйенсек, оқиға түнгі уақытта өрбіген.

27 жастағы жігіт түнгі сағат үште таныс бойжеткенге қоңырау шалып, үйіңе қонаққа шақыр деп сұранады. Бойжеткен оның бетін қайтарып тастайды. Алайда ішімдікке біршама масайып алған жігіт қызға қайта-қайта қоңырау шалып, мазасын алған көрінеді. Бір кезде оның қоңырауына белгісіз жігіт жауап беріп, доғаруын талап етеді. Екеуі сөзге келіспей, арада бірден жанжал туған екен.

Мәселені көзбе-көз шешейік деп келіскен екі жігіт кездесуге бел буады. Қыз көңілін қайтарған соң өзін жәбір көргендей сезінген мас жігіт кездесуге пышақ ала келеді.

Осылай жанжал соңы төбелеске әкеліп, жеңіліп бара жатқан жігіт суық қаруды қолданған екен. Қарсыласына екі жерден пышақпен соққы жасап, оқиға орнынан ізін суытыпты.

Сотта ол кінәсін мойындап, өзін тым қатаң жазаламауды өтінген. Жәбірленуші жігіт те оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сот шешімі бойынша, үш жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып отыр. Сондай-ақ, ол 50 мың теңге мөлшерінде өтемақы төлеуге міндеттелді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер