Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан наубайхана тәуліктік өнім көлемін 50 мың данаға шығарды

Самат Мырзалиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2018 17:23 Самат Мырзалиев
Қазіргі таңда өндіріс орнында 120 адам жұмыс істейді.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аймақ басшысы алдымен "Яссы нан" ЖШС-не табан тіреді. 2014 жылы іске қосылған жобаның жалпы құны 200 млн. теңге. Тәулігіне 13,7 тонна өнім шығаратын нан зауытында 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын басшысы Насиба Атаева ас атасына деген сұраныстың артуына байланысты өнім көлемін де көбейтуге бел байлағанын айтады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2018 17:23

"Бұл наубайхана бастапқыда белгілі бір кәсіпорын жұмысшыларын нан өнімімен қамтамасыз ету үшін құрылған. Уақыт өте келе қала тұрғындарынан біздің өнімге деген сұраныс күрт артты. Нәтижесінде өнім көлемін тәулігіне 30 мың данадан 50 мыңға шығарып отырмыз. Осыған орай жаңа жұмыс орындары ашылып, наубайханамыздың өндірістік қуаты мен аумағы мейлінше ұлғайды. Қазіргі таңда мұнда нанның 40 түрі, шұжық өнімінің 15 түрі шығарылады", – деді Насиба Сабырқызы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2018 17:23

Бүгінде кәсіпкер өз есебінен жобаға қосымша 800 млн. теңге қаржы құйып, Чех Республикасынан нан жабуға арналған заманауи қондырғылар сатып алған. Қазіргі таңда мекеме Түркісан қаласын нан өнімдерімен толық қамтамасыз етіп, баға тұрақтылығын сақтап отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2018 17:23

Сондай-ақ, аймақ басшысы құрылыс заттарын шығарумен айналысатын "Яссы құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне де аялдады. Облыс әкімі зауыт жұмысшыларымен кездесіп, отандық кәсіпорынның өнім шығару әлеуетімен кеңінен танысты. "Яссы құрылыс" 2012 жылы құрылған. Қазіргі таңда өндіріс орнында 120 адам жұмыс істейді. Зауыт жылына 138 000 тонна темір бетон бұйымдарын шығарып, ішкі нарықты отандық құрылыс заттарымен қамтамасыз етіп отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2018 17:23

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: