Жаңалықтар тізбегі
0

Министр: Қазақстанда ақшаға қан тапсыратын донорлардың саны азайып келеді

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2018 18:53 sputniknews.kz
Мәжілісте денсаулық сақтау мәселелері туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан ақылы донорлық қызмет туралы сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Әлия Сапарова ақылы донорлардың саны және оларға төлем жасау үшін қан орталықтарына қанша ақша қажет екенін сұрады.

Елжан Біртановтың айтуынша, Қазақстанда соңғы он жылда ақылы негізде қан тапсыратын донорлар саны азайып келе жатыр.

"Бұл халықаралық стандартқа сәйкес біздің жүйелі жұмысымыздың негізінде деп айтуға болады. Қанды тегін тапсыратын донорлар көбейіп келеді. Бұл өте жақсы көрсеткіш", — деді министр мәжілісте.

Ол әр донорлыққа 8800 теңге төленетінін атап өтті. Төлем мөлшері ведомствоның қаржы құжаттарында бекітілген.

"Біз әр жылға талдау жасап, қаржы министрлігімен талқылаймы, соған сәйкес қаржыландыру көлемін бекітеміз. Мәселен, қазіргі күні "ақылы" донорлар саны 4,5 процент болса, келесі жылы 4 процентке дейін түсіруді жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты жыл сайын қан орталықтарына қаржы бөлеміз. Олар нормативтік-құқықтық негізде ақылы негізде қан тапсырған азаматтарға ақшасын төлеп, бізге есеп беріп тұрады", — деді Біртанов.

Ал қаржы вице-министрі Қанат Баеділов 2019 жылы ақылы негізде қан тапсыратын донорлар үшін 79 миллион теңге көзделгенін атап өтті.

"Біз денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ақылы донорлар санын нақты болжай аламыз. Болжау кезінде соңғы жылдардың динамикалық талдауына жүгінеміз. Атап өтсек, соңғы жылдары ақшаға қан тапсырып жатқандардың саны азаюда. Бұл өте дұрыс деп ойлаймыз. Дүниежүзілк денсаулық сақтау ұйымының пікірінше, бұл санның азаюы қанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басты фактор болып саналады. Сондықтан біз оны жылдан жылға азайтуымыз керек. Келесі жылы ақылы доноция санын 4 процент деп болжап отырмыз, яғни 9 мыңдай адам. Бюджетте бұл мақсатқа 79 миллион теңге қарастырылып отыр", — деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: