Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Павлодарда 333 көшенің 22 пайызы ғана қазақ тілінде

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сәуле Османова айтқандай, жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламаның үлкен бір бөлігі ономастика мәселесіне қатысты.

Сурет : www.uralskweek.kz8 Қараша 2018, 12:58

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында жүзеге асыру туралы» баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сәуле Османова айтқандай, жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламаның үлкен бір бөлігі ономастика мәселесіне қатысты.

- Бұл мәселе еліміздің басқа өңірлеріне қарағанда біздің аймақта күрделі, - деп атады Сәуле Османова.

– Оңтүстік облыстарда, Маңғыстауда елді мекендер мен көшелердің 90 пайызы қазақ тілінде. Тек қана Павлодар қаласын алсақ, 333 көшенің 22 пайызы қазақша, қалған 78 пайызы – орыс тілінде болып тұр.

Сәуле Османованың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс жүргізіліп жатыр. Былтыр облыс бойынша 189 көшені қайта аталды. Биыл 70 көше мен екі ауданның атауы қазақшаға өзгертілді.

- Лебяжі ауданын Аққулы деп, Качир ауданын – Тереңкөл деп өзгерттік, - дейді Сәуле Османова.

– Онымен бірге, қаламызда 99 жыл бойы «Ленин» болып аталып келген көшені Астана деп қайта атадық. Оның өзі үлкен жетістік деп ойлаймын. Жуырда тағы екі көшенің атын өзгерту туралы мәселені облыстық мәслихат депутаттарының қарауына ұсынамыз.

Осымен биылғы ономастикалық жұмыс аяқталады. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы қазақ әліпбиінің латын графикасына көшірілу жайына да кеңінен тоқталды. Сәуле Османова айтуынша, биылғы жылдан басқарма осы бағыттағы жұмысты бастап кетті.

- ҚР Мәдениет министрілігінің тапсырмасымен 9 қарашаға дейін насихат жұмысын жүргізу бойынша облыста құрамы 15 адамнан тұратын үш жұмыс тобы аудандарды аралап, латын графикасындағы қазақ әліпбиін насихаттап жүр. Жалпы халық қолдап отыр. Қарсылық жоқ, - дейді Сәуле Османова.

Оған қоса, 14 қарашада сағат 11.00-де елімізде бір уақытта латын әліпбиіндегі Жалпыхалықтық диктант өткізіледі. Оған 16 жастан үлкен азаматтардың барлығы қатыса алады.

Облыс бойынша диктантқа 80 мың адам қатысады деп күтілуде. Бақылау сабағы қаламыздағы үш университет пен «Достық үйінде» өтетін болады. Диктант мәтіні жақында белгілі болады.




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер