Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жамбыл облысында құны 1 млрд доллар болатын 13 инвестициалық жоба іске асуда

Шикізаттық емес секторда жобаларды іске асыру үшін «Инвесторларға қызмет көрсету орталығының» жұмысы қайта қаралып, күшейтілді.

Сурет : Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі8 Қараша 2018, 16:57

Жамбыл облысында құны 1 млрд доллар болатын 13 инвестициалық жоба іске асуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Асқар Мырзахметов баяндады деп жазады zakon.kz.

Облыс басшысы «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша жылдың басында қабылданған облыстық кәсіпкерлікті қолдау Картасына өзгерістер енгізілуде екенін хабарлады.

Іске асырылатын жобалардың ішінде экспортқа бағытталған Казфосфаттың аммофос өндірісінің көлемін көбейту жобасын атап өтуге болады. (2018 жыл 9 айында 24,4 млрд.теңгеге 125,1 мың тонна өнім өндірілген, 8 айда экспорт көлемі - 1,2 мың тонна - 117,7 млн.теңге)

Шикізаттық емес секторда жобаларды іске асыру үшін «Инвесторларға қызмет көрсету орталығының» жұмысы қайта қаралып, күшейтілді. Ағылшын, қытай, түрік, корей тілдерін білетін жастар жұмысқа алынды.

- Бүгінде бұл салаға салынған инвестициялар 100 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға артқан (75,1 млрд.тг.). Ал, инвестициялардың ай сайын өсуінің оң үрдісі жеке меншік капиталының 30%-ға (68,8 млрд. теңгеден 92,2 млрд. теңгеге өсуі) өсуімен байланысты. Қазіргі таңда облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 13 жоба іске асырылуда, - деді Асқар Исабекұлы.

Жалпы облыс экономикасын алсақ, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9 айдың қорытындысымен 105,4 пайызды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция 3,4 пайызға өсті

«Өнеркәсіп саласындағы өсім – 5,1 пайыз, ауыл шаруашылығында – 4,2 пайыз, құрылыста – 6,6 пайыз, жүк тасымалында – 7,8 пайыз, байланыста – 7,2 пайызды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция 3,4 пайызға өсті» - деді Асқар Исабекұлы.

Сондай-ақ, инфляция деңгейі 3,0 пайызды құрады (ҚР-3,3 пайыз), бұл 2017 жылдың тиісті кезеңінен 1,2 пайызға төменболып отыр.

Ал, облыста бюджет кірісі 102,6 пайызға яғни 188 млрд. ттеңгеге орындалған десек, оның ішінде өзіндік кірістер 13 пайызға артқан (42,3 млрд.теңгеге).


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер