Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында тарихи ескерткіштердің интерактивті картасы әзірленді

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2018 17:53 Zakon.kz
"Quick Response" - "Шұғыл жауап” деген мағынаны білдіреді. Бұл мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді штрих-код.

Өңірдегі тарихи-мәдени мұраларының 3D форматтағы интерактивті картасы әзірленіп, нысандарға QR-код тақтайшалары орнатылды деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша Zakon.kz тілшісі.

"Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы және "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерін сандық форматқа көшіру мақсатында облыстық жобалық кеңсе арқылы 2 жоба жүзеге асырылды. Олар - "Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасын әзірлеу" және "Облыс көлеміндегі тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнату" жобалары.

Жақын арада интерактивті карта облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің www.kyzylorda-pamyatniki.kz ресми сайтында орналастырылып, қолданушыларға қолжетімді болады. Картада ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміндегі нысандар, республикалық және жергілікті маңызы бар 150 тарих және мәдениет ескерткіштері қамтылды. Инновациялық әдістер мен компьютерлік бағдарламалардың көмегімен ескерткіштің толық витруальды моделі қалыптасып, нысан туралы үш тілде ақпараттық база дайындалды.

"Quick Response" - "Шұғыл жауап” деген мағынаны білдіреді. Бұл мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді штрих-код.

QR-кодтың көмегімен интернет желісін қолдану мүмкіндігі бар жерлерде ескерткіштер туралы кез-келген ақпаратты алуға болады. Бүгінгі күні QR-коды бар тақтайшалар облыс орталығы мен аудандардағы мобильді байланысы бар жерлердегі ескерткіштерге орнатылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: