Жаңалықтар тізбегі
0

"Ақыртас" пен "Айша бибіні" әлем мойындады

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2018 02:16 Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сессия кезінде мамандардың "Айша бибі" кесенесі мен "Ақыртас" сарай кешенін мойындауы – туризм саласы бойынша өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға берілген жоғары баға.

Түркия елінің Анталья қаласында туристік тартымдылық және туризмді жоғары деңгейде тұрақты дамыту мәселелері бойынша халыақаралық комитеттің кезекті сессиясы өтті. Онда ерекше тартымды туристік нысандардың қатарын толықтыру мәселесі қаралды.

Жаңа нысандарды қабылдау бойынша шешім комитеттің сессиясында қабылданады. Комиссия құрамында әлемнің сексен елінің сарапшылары бар. "Айша бибі" кесенесі мен "Ақыртас" сарай кешені облыстық басқарма қызметкерлерінің таныстыруынан кейін сарапшылардың қолдауымен Әлемдегі ерекше туристік тартымды нысандардың тізіміне енді. Нәтижесінде сол санатты ресми нақтылайтын арнайы сертификат тапсырылды.

Енді бұл нысандарды көпшілікке әлеуметтік желілер арқылы танымал ету мақсатында "WORLD LIST – TOURIST ATTRACTION" белгісін (логотип) пайдалануға рұқсат етіледі.

Сессия кезінде мамандардың "Айша бибі" кесенесі мен "Ақыртас" сарай кешенін мойындауы – туризм саласы бойынша өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға берілген жоғары баға.

Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші.

Жамбыл облысында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады.

Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған. Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан (XI- XIIғғ.). Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В. А. Каллаур, 1938 — 39 жылы А. Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2018 02:16, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2018 02:16, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2018 02:16

Ақыртас — Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан сарай кешені. VIII-IX ғасырларда салынған. Ақыртас соңғы 130 жыл бойы зерттеліп келеді. Тараз қаласының шығысында 40 км жерде, Ақшолақ теміржол стансысынан 6 км оңтүстікте орналасқан. Қазіргі кезде онда археологиялық жұмыстар жүргізілуде.

Құрылыс материалдары тас және пішімі малға шөп салатын ақырға ұқсас болуына байланысты Ақыртас деп аталған. Ол алыстан көрініп тұруы үшін таудың үстіне төртбұрышты жобамен салынған. Қазіргі кезде қабырғаларының сақталған сілемдері 160,146 және 140 м шамасында. Қабырғаларының қалыңдығы 40х70х70 (80) см. Ірі тас блоктардан қаланған. Қорғанның 4 қақпасы бар, біреуі солтүстікте, үшеуі оңтүстікте. Тұрғын үйлер ішкі ауланың төңірегіне топтастырыла салынған қызмет көрсететін және шаруаға қажетті бөлмелер кешенінен тұрады.

Ауланың түпкі жағында (оңтүстік есік жақтағы Ақыртас иесінің жатын және қонақ үйі орналасқан. Солтүстік есік жақтағы үйлер қызмет ететін адамдар мен күзетшілерге, бір бөлегі ат қораға арналған. Су қоймасы бар орталық аула, қорған әскерлерінің алаңы, жарлықтар жарияланатын арнаулы орын немесе діни рәсімдер, атқарылатын орын болған.

П. И. Лерх Ақыртас салынып бітпеген будда ғибадатханасы десе, академик В. В. Бартольд несториан ғибадатханасы деген болжам айтады. Археолог Т.К.Басеновтың жазуына қарағанда Ақыртас салынып бітпей қалған ірі бек сарайының іргесі. 1996 жылғы зерттеулер барысында Қазақстан және Франция ғалымдары Ақыртас 8-11 ғ.-ға жататын Керуен сарайдың орны болуы мүмкін деген тұжырымға келді. Өйткені, құрылыс жобасы Ирак пен Сириядағы орта ғасырлық құрылыстарға ұқсас.

Ақыртас 8 ғасырдың 2-жартысында, яғни 751 ж. қарлұқтар мен араб әскерлері Атлах маңында Қытай әскерлерін талқандап, екі мемлекет арасында бейбіт қатынас орнаған кезде салына бастауы мүмкін. Бірақ, құрылыс белгісіз себептермен тоқтап қалған. Араб деректеріндегі (Ибн Хордадбех, Ибн Кудам) Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Касрибас осы Ақыртас болуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: