Жаңалықтар тізбегі
0

Америкалық журналистер Назарбаевтан кейін кім президент болатынын болжады

www.qamshy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2018 17:40 www.qamshy.kz
Биліктегі ауыс-түйіс шиеленіске, билікке деген қатігез күреске ұласады.

Вашингтонда шығатын Diplomat газетінде «Назарбаевтан кейін Қазақстанды кім басқарады?» деген мақала жарияланды. Онда қазіргі ел алдында жүрген саясаткерлердің қайсысы Нұрсұлтан Назарбаевтың орнын басуы мүмкін екенін болжаған. Мақаланы ықшамдап, қазақ тіліндегі нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз деп жазады qamshy.kz.

"Егер Назарбаев кенет орнынан кетсе, ары қарай не болатыны белгісіз. Оның орнын кім басады? Қазақстан секілді басқару жүйесі бар елде биліктің ауысу процесі қиынға түседі. Ол жетекші саясаткер ойыншыларға қауіп төндіреді", - деп жазады автор.

Оның ойынша, биліктегі ауыс-түйіс шиеленіске, билікке деген қатігез күреске ұласады.

«Пирамиданың ең жоғары нүктесінде отырғандар бас пайдасы үшін процесті бақылауға алып, басқарады. Сондықтан Назарбаевтың орнына келетін адам қазіргі жоғарыда отырған, радикалды өзгерістер қызықтырмайтын адам болуы мүмкін. Мұндай кандидаттар аз», - дейді автор.

Diplomat-тың пайымдауынша, болашақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Кәрім Мәсімов, Иманғали Тасмағамбетов, Дариға Назарбаева немесе Тимур Құлыбаев болуы мүмкін.

Diplomat президент болуға Тоқаевтың мүмкіндігі көбірек деп есептейді. Себебі, қазіргі президентпен бір жағдай бола қалған жағдайда Конституция бойынша президенттің орнын уақытша Сенат төрағасы басады. Десек те, автор Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі саясаттағы тәжірибесінің аздығы мен жасы (65 жас) оның ең басты кемшілігі екенін айтады.

Мақалада автор Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті де «Назарбаев отбасымен жақсы қарым-қатынасы» үшін президент болуы мүмкін адамдардың тізіміне қосып отыр. Оның экономикалық басқару жүйесіндегі біліктілігі және Қытай мен Ресейді жақсы танитынын артықшылығы ретінде бағалап отыр. Десе де, Мәсімовті биліктің ең биік шыңына отырғызбауы мүмкін екенін айтылады.

«Иманғали Тасмағамбетовке Қазақстанның келесі президенті болуы үшін бойында барлық қасиет бар. Сол үшін де оның президент болмай қалу мүмкіндігі жоғары» деп жазады Diplomat. Басылымда Тасмағамбетов үкіметте маңызды роль ойнаса да, 2016 жылы оны кенеттен Ресейге елші ретінде жіберілуі оның президент болуына конституциялық тұрғыдан кедергі болатыны айтылады. Себебі, Конституция бойынша, президент Қазақстанда 15 жылдан кем емес уақыт тұруы қажет.

Қазақстан президентінің қызы Дариға Назарбаеваның президент болуы мүмкіндігі аз. Автор оның себебін саяси тәжірибесінің аздығы мен жынысын айтады. Diplomat-та Дариға Назарбаева премьер-министр немесе министр болуы мүмкін екені айтылады.

«Роза Отынбаева уақытша қырғыз елін басқарса да, Дариға Назарбаева әкесінің қолдауына қарамастан Роза Отынбаеваның жасағанын қайталай алмайды. Отынбаева Орталық Азиядағы «әйелдерге ұлттық саясатта орын жоқ» деген түсінікке кереғар келген саясаткер. Назарбаева ресми түрде президенттікке өз кандидатурасын ұсынатын болса, оппозиция тарапынан қарсылыққа тап болып, өзін қолдайтындар аз болады», - деп жазады Diplomat.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: