Жаңалықтар тізбегі
0

Сыр өңірінің геоақпараттық онлайн-қызмет жобасы республикада үздік деп танылды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2018 20:28 inform.kz
Цифрлық жоба кәсіпкерлерге онлайн түрде коммуналдық қызметтерді қосуға, техникалық шарттарды беруге мүмкіндік береді.

Қызылордада "Нұр Отан" партиясының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Онда партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің екі жылдық жұмысы қорытындыланып, алдағы жоспарлары анықталды, деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша Zakon.kz тілшісі.

"Нұр Отан" партиясы мыңдаған қазақстандықтарға көмек көрсетіп, Елбасының нақты жобалары мен бастамаларын жүзеге асырып келеді. Бүгінде осы мақсатта партияның Орталық аппараты цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған 20-дан астам әлеуметтік, стратегиялық, бастамашыл жобаларды қолға алды. Бұл бағытта біздің облыстағы цифрландыру аясында дайындалған geoservice.geoportal.kz геоақпараттық сервис жұмысы республика бойынша үлгілі жоба ретінде атап өтіліп, Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Елбасына таныстырылды», - деді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.

Аталып өткендей, цифрлық жоба кәсіпкерлерге онлайн түрде коммуналдық қызметтерді қосуға, техникалық шарттарды беруге мүмкіндік береді.

Социалистік Еңбек Ері, Құрметті теміржолшы, партия ардагері Оразбай Әбішевтің айтуынша, нұротандықтардың қолдауымен өрт салдарынан жапа жеккен бірқатар отбасыларға көрсетіліп, жаңа баспана табысталған. Ал II топ мүгедегі Мұса Бегалиевтің отбасына жеңіл автокөлік берілген.

Жалпы, бүгінде Қызылорда облысында 48715 партия мүшесі, 272 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: