Жаңалықтар тізбегі
0

Тыйым салынған технологияларды сатқаны үшін Қырғызстан елшісі Украинаның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

Тыйым салынған технологияларды сатқаны үшін Қырғызстан елшісі Украинаның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2023 14:17 Сурет: wikimedia
Қырғызстанның Украинадағы елшісі Ыдырыс Қадырқұлов Қырғызстан арқылы Ресейге қос мақсаттағы өнімдерді жеткізуге байланысты түсініктеме беру үшін Украина Сыртқы істер министрлігіне шақырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Украина Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, елші Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту үшін Қырғызстанның юрисдикциясын пайдаланғаны жөніндегі ақпарат бойынша түсініктеме беру үшін шақырылған. Атап айтқанда, қос мақсаттағы өнімдер мен қару-жарақ жасау үшін пайдалануға болатын жоғары технологиялық компоненттер мен бұйымдар жеткізілген.

Дипломатқа Қырғызстанның әлемдік қауымдастықтың мүшесі ретінде Ресейге қарсы халықаралық санкциялық саясатты сақтауға жауапты болуға тиіс екені айтылды.

"Қырғызстан аумағынан Ресей Федерациясына әскери техниканы жарақтандыруға жарамды тауарларды реэкспорттауды Украина тарапы достыққа жат әрекет ретінде бағалайды". Украина Сыртқы істер министрлігі

20 шілдеде АҚШ қаржы министрлігі Қырғызстанның төрт компаниясын "Ресеймен әріптестік орнатқаны үшін" санкциялар тізіміне енгізді.

The Washington Post газеті Қырғызстанға қарсы санкциялар салынуы мүмкін екенін жазған. Басылым Орталық Азияда Ресейге тыйым салынған технологияларды жеткізудің жасырын жүйесі ұйымдастырылғанын хабарлады.

Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров ел билігі санкцияланған тауарларды шекарадан өткізбеу үшін шара қолданатынын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: