Жаңалықтар тізбегі
0

Бішкекте Коля қырғыз деген лақап атпен танымал қылмыс әлемі серкесінің көзі жойылды

Қамшы Көлбаев, Коля қырғыз, лақап ат, Бішкек, арнайы операция, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2023 19:38 Сурет: Қырғыз Республикасы МҰҚК
Қырғыз Республикасы МҰҚК қылмыс әлемінің серкесі Камчы Көлбаевтың (Қамшыбек Асанбек) көзі жойылғанын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қырғыз Республикасы МҰҚК қызметкерлері Қамшыбек Асанбектің "Блондер Паб" мейрамханасында екенін анықтады.

Асанбек МҰҚК қызметкерлерінің талаптарын елемей, қарулы қарсылық көрсеткені нақтыланады. Арнайы бөлімше сарбаздары оған қарсы оқ жаудырды. Атыс кезінде Қамшыбек Асанбек қаза тапты. Дәрігерлер оның оқ жарақатынан көз жұмғанын растады.

"Аталған фактіге сәйкес, "Ұйымдасқан қылмыстық топ құру", "Қарудың заңсыз айналымы", "Кісі өлтіруге оқталу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шұғыл тергеу әрекеттері қолға алынды". МҰҚК баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Асанбекке қатысты азаматтардан келіп түскен арыздар бойынша Доо лақап атымен танымал қарсылас қылмыстық топтың жетекшісі Шыңғыс Жұмағұловты өлтіруді ұйымдастыруға қатысы бар деген фактіге сәйкес тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде.

Айта кетсек, қылмыс әлемінің серкесі Қазақстанда трансұлттық қылмыстық ұйым құрды деп күдікке ілінген. Алайда қылмыс 2007-2009 жылдары болған, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі ескірген деп саналады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: