Жаңалықтар тізбегі
0

Белгілі блогер Аяз Шабутдиновке алаяқтық бойынша айып тағылды

Белгілі блогер Аяз Шабутдиновке алаяқтық бойынша айып тағылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2023 17:23 Сурет: Instagram/ayazshabutdinov
Ресейде блогер әрі бизнес-тренер Аяз Шабутдиновке "Алаяқтық" бабы бойынша сегіз қылмыс жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Аяз Шабутдинов Мәскеуде оқу курстарын сатуда алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болған.

"32 жастағы Аяз Шабутдинов күдікті ретінде Ресей Федерациясының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 91-бабына сай ұсталып, оған РФ ҚК 159-бабының 4-бөлігінде көзделген сегіз қылмыс жасады деген айып тағылды. (ерекше ірі көлемде ұйымдасқан топ жасаған алаяқтық), - делінген Мәскеу прокуратурасының хабарламасында.

Блогер кінәсін мойындамағаны атап өтілді. Жақын арада сот Шабутдиновқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау мәселесін қарайды.

Ведомствоның хабарлауынша, айыпталушы сыбайластарымен бірлесе отырып, бақыланатын заңды тұлғалардың, оның ішінде Пресненская жағалауында орналасқан "Лайк Центр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атынан әрекет ете отырып, пайдакүнемдік мақсатта азаматтардың арасында кәсіпкерлік қызметпен айналысу мүмкіндігі туралы жалған түсінік қалыптастырған.

"Блогер түрлі курсты, тренингтер мен вебинарды сатып алуды ұсынып, оны аяқтағаннан кейін тыңдаушылар табысты бизнесті бастап, кепілдендірілген табысқа қол жеткізе алады деп сендірген. Білім беру бағдарламаларының жоғары тиімділігіне сенген сегіз азамат 100 мың рубльден 1,9 миллион рубльге дейінгі сома тұратын ақылы қызмет көрсетуге келісімшарт жасаған", - делінген хабарламада.

Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары да анықталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: