Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстаннан Қытайға сүйекті жеміс дақылдары экспортталады

Қазақстаннан Қытайға сүйекті жеміс дақылдары экспортталады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2023 12:49 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР ГТУ-мен Астанадағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 11-отырысы аясында тиісті хаттамаға қол қойды.

Жаңа піскен сүйекті жеміс дақылдарын экспорт партияларына қойылатын фитосанитариялық талаптар жөніндегі хаттамада экспорт үшін Қазақстанның сүйекті жемістерінің (шабдалы мен өрікті қоса алғанда) барлық қолданылатын қытайлық фитосанитариялық заңдар мен нормативтік актілерге, денсаулық пен қауіпсіздік стандарттарына сай келуі және құрамында карантин зиянкестері болмауы және топырақпен араласпауы керек делінген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі жазды.

"Қытайға сүйекті жеміс дақылдарын экспорттағысы келетін барлық жеміс-жидек бағы мен буып-түю кәсіпорны ҚР АШМ тіркеліп, ҚР АШМ және ҚХР ГТУ да мақұлдануға тиіс. Буып-түйілген сүйекті жеміс дақылдарын тек сүйекті жемістер бар камерада сақтау керек. Әр қорапта жеміс атауы, экспорттаушы ел, өндіру орны, бақшаның атауы немесе коды және орау орны көрсетілген қытай немесе ағылшын тілінде таңбалануы керек. Әр қорап пен паллет қытай немесе ағылшын тілінде мына мәтінмен белгіленуі керек: "Қытай Халық Республикасына экспортталды", - делінген хабарламада.

Қазақстанның сүйекті жеміс дақылдарын әкелу порттары – ҚХР ГТУ жеміс әкелуге рұқсат берген барлық қытай порты мен әуежайы.

Бүгінде Қазақстанда бидай, зығыр тұқымы, арпа, жоңышқа, жүгері, бал, жүн, сүт өнімдері, сиыр еті, қой және шошқа еті және тағы басқасын қоса алғанда, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің 23 түрін экспорттау бойынша Қытаймен қол қойылған хаттама бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: