Жаңалықтар тізбегі
0

Токиода ұшақ өртенді: бес адам із-түзсіз жоғалған

Токиода ұшақ өртенді: бес адам із-түзсіз жоғалған, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.01.2024 16:59 Сурет: видеодан скриншот
Japan Airlines Airbus A350 ұшағының өртенуіне оның жағалау күзет ұшағымен соқтығысуы себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті БАҚ компания лайнері соқтығысқан жапон жағалау күзеті көлік ұшағындағы алты экипаж мүшесінің тек біреуі ғана эвакуациялана алғанын жазады. Қалғандары із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.

Ұшақ өртенгенге дейін азаматтық ұшақтағы жолаушылар эвакуацияланды. Ол Саппородан ішкі рейспен ұшатын.

Кейбір мәліметтерге қарағанда жапондық жағалау күзетінің ұшағы зілзаладан зардап шеккен аймақтарға көмектесу үшін ұшуға дайындалып жатқан. Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Japan Airlines ұшағы Токио әуежайына қонып жатқанда өртеніп кетті. Видеода жалынның бүкіл ұшақты қалай шарпығанын көруге болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: